Заттардың (У,Х) транслоказа арқылы қарама қарсы бағыттарға өткізілуі.
Эукариоттарда антипорт өте сирек кездеседі.
22-сұрақ: Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы: эндоцитоз, экзоцитоз. Везикулалық тасымалдау туралы түсінік. Биомембраналар арқылы тек ұсақ молекулалы заттар ғана өткізіліп қоймай , сол сияқты ірі молекулалы қосылыстар және ұсақ түйіршіктер де өтеді мысалы, жаңадан синтезделген митохондриялық ақуыздар митохондрия мембранасын созылған тізбек күйінде кесіп өтсе , ядролық ақуыздар ядродағы поралар арқылы өтеді . Заттардың плазмолемма арқылы өтуі мембраналық (тасымалдау ) көпіршіктер арқылы , секреторлық тетіктер ( механизмдер ) негізінде жүзеге асады . Заттардың тасымалдану бағыттарына және тасымалданатын заттар сипатына қарай трансмембраналық тасымалдану үдерісінің бірнеше түрлері белгілі :
1 ) Эндоцитоз - заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі , оның 3 тетіктері белгілі : а ) Пиноцитоз - еріген макромолекулалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі;
Пиноцитоз - конститутивтік үдеріс , яғни ол кез - келген жасушада үнемі кездесетін құбылыс .
Жасуша цитоплазмасында , әсіресе плазмолемма айналасында , үнемі ұсақ мембраналық көпіршіктер , яғни инвагинациялар , пайда болып отырады . Олар плазмолемма бетіне жақын орналасқан басқа көпіршіктермен қосылып алғашқы эндосомаларға айналады . Олардың қызметі сыртқы ортадан кіші молекулаларды , су және еріген ақуыздарды өздеріне қосып алып жасушаға енгізу болып табылады . Көпіршіктер өте ұсақ болады . диаметрі 4нм , бірақ олардың санының өте көп болуы нәтижесінде көп мөлшерде заттарды тасымалдайды .
б) Фагоцитоз - қатты түйіршік заттардың жасушаға енгізілуі ; Фагоцитоз - ірі түйіршіктердің плазмолемма бетіндегі көптеген рецепторлармен байланысуынан басталады . Осыдан кейін рецептор - лиганд кешені плазмолемманың инвагинациялануы ( ішке қарай қайырылып ісінуі ) нәтижесінде фагосомаға айналып жасуша ішіне енеді .