1-сұрақ. Тасты ығыстырып шығарған дәуір:
A) Күміс.
B) Алтын.
C) Қола.
D) Темір.
E) Мыс.
|
2-сұрақ. Мұқан қаған қай мемлекетті басқарған?
A) Монғол империясы.
B) Моғолстан.
C) Қарлұқ.
D) Түрік қағанаты.
E) Қазақ хандығы.
|
3-сұрақ. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан біржолата бөлініп шыққан кездегі қайраткер:
A) Едіге.
B) Мұса Мырза.
C) Жаңбыршы.
D) Уаққас би.
E) Нураддин.
|
4-сұрақ. ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан:
A) Хақназар.
B) Тәуке хан.
C) Есім хан.
D) Абылай хан.
E) Қасым хан.
|
5-сұрақ. Қазақстанда XІX ғ. ІІ жартысында дамыған өнеркәсіп салалары:
A) Станоктар жасау.
B) Жеңіл өнеркәсіп.
C) Тамақ өнеркәсібі.
D) Тау-кен өнімдерін өндіру.
E) Алтын өндіру.
|
6-сұрақ. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары:
A) 1804-1838 ж.
B) 1801-1845 ж.
C) 1803-1840 ж.
D) 1802-1842 ж.
E) 1804-1846 ж.
|
7-сұрақ. Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам:
A) Әжесі Зере.
B) Атасы Балғожа.
C) Анасы Тоғжан.
D) Әпкесі Ұлпан.
E) Әжесі Айғаным.
|
8-сұрақ. Абай Құнанбайұлы өмір сүрген жылдар.
A) 1840-1890жж.
B) 1845-1900жж.
C) 1846-1897жж.
D) 1855-1905жж.
E) 1845-1904жж.
|
9-сұрақ. КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық жоспар қай жылы наурыз айында қабылданды?
A) 1947 ж.
B) 1945 ж.
C) 1948 ж.
D) 1946 ж.
E) 1949 ж.
|
10-сұрақ. Б.з.-дан бұрынғы III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде құрылған тайпалық бірлестік:
A) Үйсіндер.
B) Аландар.
C) Қаңлылар.
D) Қыпшақтар.
E) Сарматтар.
|
11-сұрақ. 1867-68 ж. реформаларға сәйкес полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер бағынды:
A) Генерал-губернаторға.
B) Уезд бастығына.
C) Әскери губернаторға.
D) Вице-губернаторға.
E) Аға сұлтанға.
|
12-сұрақ. 1886ж. бастап Түркістан өлкесіне енген облыстар.
A) Торғай, Орал.
B) Жетісу, Сырдария.
C) Ақмола, Семей.
D) Сырдария, Ферғана, Самарқан.
E) Алматы, Жамбыл.
|
13-сұрақ. 1855ж. Петербургке барып, өнер үшін күміс медальға ие болған күйші:
A) Тәттімбет Қазанғапұлы.
B) Құрманғазы Сағырбайұлы.
C) Ықылас Дүкенұлы.
D) Дәулеткерей Шығайұлы.
E) Дина Нұрпейісқызы.
|
14-сұрақ. 1905 жылы қарашада Семей облысының губернаторы Галкиннің әскери күш шақыруына себеп болған ереуіл.
A) Жергілікті интеллигенцияның.
B) Почта-телеграф қызметкерлерінің.
C) Ұсақ шеберханалар жұмысшыларының.
D) Кеніш жұмысшыларының.
E) Теміржолшылардың.
|
15-сұрақ. 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы:
A) М.Тухачевский.
B) Ә.Әйтиев.
C) А.Розыбакиев.
D) В.Чапаев.
E) М.Фрунзе.
|
16-сұрақ. 1921 жылы жер-су рефомасының негізгі мақсаты:
A) Патша өкіметі тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару.
B) Жерді байларға сату.
C) Жерді колхоздарға бөліп беру.
D) Бүкіл жерді мемлекеттің қарамағына алу.
E) Жерді халыққа жалға беру.
|
17-сұрақ. 1942 ж. 1 қыркүйегінде Қазақстанда Қорғаныс комитеті құрылған қала:
A) Петропавл.
B) Гурьев (Атырау).
C) Шымкент.
D) Ақтөбе.
E) Орал.
|
18-сұрақ. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Ф.Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударған Алаш зиялыларының бірі:
A) М.Жұмабаев.
B) Ж.Аймауытов.
C) Ә.Ермеков.
D) Ә.Бөкейханов.
E) М.Дулатов.
|
19-сұрақ. Тұңғыш Президент Н. Назарбаев“Қазақстан - 2030” бағдарламасын ұсынған жыл:
A) 1991ж.
B) 1993ж.
C) 2000ж.
D) 1994ж.
E) 1997ж.
|
20-сұрақ . Ерте палеолитте қарудың кең тараған түрі:
A) Тескіш.
B) Кескіш.
C) Қырғыш.
D) Қол шапқы.
E) Балта.
|
21-сұрақ.Діни жораларды жүргізумен қатар ежелгі дәстүрлер мен білімдерді сақтаушы топ:
A) Шешендер.
B) Ақындар.
C) Билер.
D) Батырлар.
E) Абыздар.
|
22-сұрақ. Жетісу жерінде қазір қандай облыс орналасқан?
A) Ақмола.
B) Алматы.
C) Атырау.
D) Қарағанды.
E) Қостанай.
|
23-сұрақ. Алтын Орданы қай хан билеген тұста ісләм діні үстемдік алды?
A) Өзбекелі хан.
B) Отырар хан.
C) Өтірік хан.
D) Өзбек хан.
E) Орыс хан.
|
24-сұрақ. Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Ә.Майкөтов, С.Меңдешев сияқты халықтың төменгі тобынан шыққан зиялылар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қандай көзқараста болды?
A) Көтерілісті қолдамады.
B) Көтерілістің нәтижесіз екенін түсінді.
C) Қарсыласпай патша өкіметімен ымыраластыққа келу.
D) Көтерілісті толық қолдады.
E) Жартылай әскер беру мәселесін көтерді.
|
25-сұрақ. Қаз. КСР Президентінің алғаш рет бүкілхалықтық сайлауы өткен уақыт:
A) 1991 жыл 16 желтоқсан.
B) 1991 жыл 2 қазан.
C) 1991 жыл 1 желтоқсан.
D) 1991 жыл 1 қыркүйек.
E) 1991 жылы 23 тамыз.
|
26-сұрақ. Ежелгі адам іздері туралы негізгі ақпарды археологиялық материалдардың қайсысы берді?
A) Қыш құмыра бұйымдар.
B) Сүйектен жасалған бұйымдар.
C) Қару-жарақтар.
D) Жануарлар қалдығы.
E) Тас құралдар.
|
27-сұрақ. Қарлұқ мемлекетінің құлаған жылы
A) 603 ж.
B) 760 ж.
C) 990 ж.
D) 940 ж.
E) 850 ж.
|
28-сұрақ. Моғолстанның қай билеушісі ойраттармен ұзақ соғыс жүргізді?
A) Жәнібек.
B) Тоғылық-Темір.
C) Уәйс хан.
D) Есенбұға.
E) Орыс хан.
|
29-сұрақ. Бай адамдардың малын кедейлерге бағу үшін беру:
A) Асар.
B) Мардикар.
C) Жамаға.
D) Қаналға.
E) Сауын.
|
30. Орыс патшасы І Павелдің бұйрығымен Ішкі Орда қай жылы құрылды?
A) 1801 ж.
B) 1803 ж.
C) 1797 ж.
D) 1798 ж.
E) 1796 ж.
|