Тақырыбы:Қазақстанда басқару психологиясының қалыптасуы. Қазіргі басқару психологиясының дамуы. Психологиялық ғылымға деген қызығушылық ерте кезден бастап пайда болды. Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып, қазақ психологиясының тарихыңда әлі де шешуін таппаған –«ақтаңдақ» болып келген мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды қажет етіп отыр.
Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.
Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайүлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі — кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы — бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХ ғ) болса,екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең — егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006).
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарыңда профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынғаң кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.
Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — исихология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл-ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологаялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.
Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Жүсіп Баласағүнидің «Құдадғу білік» (Құт негізі — білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі — бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнңың айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі — білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.
Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік молрухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді. Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясыныңқыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов , Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.
Қазақстанда психология ғылымы дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына белгілі алғышшарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар әл-Фарайи, Жүсіп Баласағұнидің және т.б, психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, ЬІбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, 20-ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде негізі қалаңды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.
Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларының бірі — Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет «Психология» (Қызылорда — Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тілінде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды. Бұл оқулық — мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығының екінші, үшінші тараулары жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіркенгіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады.
1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарыңда психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюда қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.
1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары білім министрінің жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау туралы бұйрығы жарияланды. Жоғары және арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатыңда 1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің филологая факультетінің жанынан логика және психология бөлімі ашылды. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік университеті жанынан логика және психология мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Алғашқы кезде бөлім ұйымдасқанда логика және психология мамандықтары бойынша ғылыми кадрлар жетіспеді. Психология кафедрасы ашылып, белгілі маман кадрлармен бірте-бірте толықты.
Психология бөлімін ашуда және психологиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, қазақ психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым, көрнекті қоғам жөне мемлекет қайраткері, дипломат Т.Тәжібаевтың (1910-1964) ұйымдастырушылық жұмысын ерекше атаған жөн. Ол Шымкенттің педагогикалық техникумын үздік тамамдағаннан кейін (Ж.Аймауытов Шымкент педтехникумының директоры, педагогика және психологиядан дәріс берді) Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы коммунистік тәрбие академиясын 1935 жылы ойдағыдай бітірді. Т.Төжібаевты Академия ұжымы аспирантураға қалдырады. Аспирантурада оқыған кезіңде Т.Тәжібаев әлемдік психологаяньщ көрнекті өкілдерімен жете танысады.
Қазақ психология ғылымының қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты (1902-1972) жатқызуға болады. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтың Абай атыңдағы педагогикалық институтыңда оқытушы, Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жаныңдағы әдістемелік кеңесте жұмыс істеді.
Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: Е.Суфиев, А.Темірбеков, М.Мұқанов, А.Асылбеков, Қ.Жарықбаев және т.б.
2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жоғары оқу орындарына арналған «Психология негіздері» оқулығы қазақ бөлімі студенттерінің қолдан-қолға түспейтін кітабы болды.
XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң, әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бұл жерде Қ.Шерниязованың, Ж.Түрікпенүлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың, Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.
Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихологая проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды.
Сонымен қатар Республикада этнопсихология мамандығы бойынша психолог кадрлар даярлауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті мен қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ облыс орталықтарындағы университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедралары әртүрлі бағыттарда психология ғылымын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы (2003), 1992 ж. этностар психологаясын зерттейтін » Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы» ұйымдасты.
1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогакалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне «психология» мамандығының штаты енгізілді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда психология ғылымы сан-салаға тарамдалып, кең жайылып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.
Қазіргі басқару психологиясы - қолданбалы психологияның салыстырмалы түрде жас және тез дамып келе жатқан саласы. Қазіргі психология ғылымында екі негізгі бағыт өте айқын ажыратылады - теориялық психология мен практикалық (қолданбалы) психология. Қазіргі уақытта теориялық те, практикалық психология да біртұтас емес. Әрқайсысы психикалық құбылыстар мен адамдар арасындағы қарым -қатынасты сипаттауға арналған теориялық құрылымдар жүйесі, кейбір бастапқы принциптер, көзқарастар, тәсілдер, тілдер. Мұның бәрі менеджмент психологиясына толығымен қатысты. Бүгінде бұл проблемаларды түсінуге жалпы тәсілдердің жиынтығын білдіреді деп айтуға болады. Екінші жағынан, қазіргі басқару психологиясында менеджмент саласындағы мамандарға жеткілікті дәл қорытынды жасауға және нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін нақты, статистикалық және эксперименттік материалдардың үлкен көлемі жинақталды. Тәсілдегі айырмашылықтар күрделі фактор емес, керісінше, олар жаңа ізденістерді ынталандырады.