Mo(F) – F күшінің О нүктесіне қатысты моменті.
Mo(F) = τ(тау)*F – векторлық түрі
Mo(F) = τ(тау)*F*sinα(альфа) = F*h - скалярлық түрі
Мұндағы, τ(тау)-радиус вектор, һ- иін болып табылады.
Қарастырылатын күштің моменті векторлық шама болғандықтан, оның бағыты қарастырылатын күштің әсер жазықтығына перпендикуляр болады.
Күштің алгебралық моменті осы нүктеге қатысты иықтағы күш модулінің көбейтіндісін қарастырады. M(F)=F*h. Күштің алгебралық моменті, мысалы, әрекет сызықтары бір жазықтықта орналасқан күштер жүйесі (күштердің жазықтық жүйесі) жағдайында қолданылады.
6. Күштің өске қатысты моменті. Күштің координаттар өстеріне қатысты моменттері.
Күштің оське қатысты моменті деп- осы күштің О сәйкес нүктесіне қатысты момент векторының дәл осы нүкте арқылы өтетін кез келген оське проекциясы.
F күшінің x.y.z координата өстерине қатысты момент векторын қарастыруға болады. Жалпы, күштің оське қатысты моменті осы осьте жатқан О нүктесіне тәуелсіз болып келеді. Оське қатысты моментті анықтау үшін күшті осы оське перпендиуляр етіп проекциялап алып, проекция модулінің оң немесе теріс екендігін аңықтап, оның осы осьтің жазықтықпен тоғысқан нүктесіне қатысты иініне көбейту қажет-F=F(xy)*h
Координaтaлық осьтерге қaтысты күш моменттерін векторлық көбейтіндісін жaзу aрқылы aлуғa болaды:
m0(F)= r*F= (yFz-zFy)i + (zFx-xFz)j + (xFy-yFx)k Осыдaн: Mx= yFz-zFy My=zFx-xFz Mz= xFy-yFx Мұндағы Fx,Fy,Fz өстерге қатысты Ғ күшінің проекциялары.
7. Күштер жұптарының эквиваленттігі туралы теорема. Күштер жұптарын қосу туралы теорема. Күштер жұптары жүйесінің тепе-теңдік шарты. Қос күштің эквиваленттігі (эквивалентлығы) туралы теоремалар 1-теорема. Денеге әсерін сақтай отырып, қос күшті өзінің әсер ету
жазықтығында жататын моменті берілген қос күш моментіне тең, басқа қос
күшпен алмастыруға болады.
2-теорема. Қос күшті өзінің әсер ету жазықтығынан оған параллель басқа жазықтыққа тасымалдағаннан қос күштің денеге әсері өзгермейді.
Сонымен, жоғарыда дәлелденген екі теоремадан шығатын қорытынды:
қос күштердің екі жұбы, моменттерінің шамасы және моменттерінің әсерінен
дененің бұрылу бағыты бірдей болғанда эквивалентті болады.