Қылмыстық іс жүргізу кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына, талаптарына мыналдарды жатқызады: — тергелу реті (ҚР КІЖК 192-бап); — алдын ала тергеу жүргізілетін жер (ҚР ҚІЖК 193-бап); — қылмыстық істерді біріктіру (ҚР ҚІЖК 48-бап); — қылмыстық істі ажырату (ҚР ҚІЖК49-бап); — алдын ала тергеу өндірісінң басталуы (ҚР КДЖК 194-бап);
— алдын ала тергеудің аяқталуы (ҚР КДЖК 195-бап);
— өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (276-бап); — алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу (ҚР ҚІЖК 205-бап). Алдын ала тергеудің міндеттері— бұл қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған адамды табу және бөлектеу. Әрбір іс бойынша алдын ала тергеу жан-жақтылық, толықтық, объективтілік және істің мән-жайын зерттеудің шапшандығы сияқ-ты талаптарға жауап беруі қажет. Алдын ала тергеудің сапасын арттыру мақсатында заңдылықты қатаң сақтау қажет. Ең алдымен қылмыстық жауаптылыққа кінәлілерді дер кезінде тартуды тергеу әрекеттерін жекелеп және олардың барлығын біріктіріп жүргізу тәртібін реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларын сақтау. Сонымен қатар тергеу барысында кінәлі адамның айыбын айғақтайтын да ақтайтын да немесе айыпты жауапкершілігін жеңілдететін де мән-жайлардың ашылуы және зерттелуі мүмкін. Тергеу органдарына қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен мән-жайларды ашу, одан әрі оны болдырмаудың алдын алу шараларын қабылдау міндеті жүктелген.