Аймақтық белгі. Бұнда тергеуде болу алдын ала тергеу жүргізудің орнымен анықталады және қылмыс жасалған жерді керсетеді (ҚР ҚІЖК 192-бап).
Дербестік белгі. Тергеуде болу күдікті немесе айыпталушы адамның жеке басының лауазымдық немесе қызметтік жағдайына мемлекеттегі ерекше құқықтық статус жағдайына байланысты анықталады (ҚР ҚІЖК 53-бап). Бұдан басқа да жасы толмағандардың, дене және психикалық жетіспеушілігі бар адамдардың барлық қылмыстары жөніндегі істерді ішкі істер бөлімінің тергеушілері тергейді (ҚР ҚІЖК 191-бап, 2-бөлік).
Баламалы (аралас) белгісі бар тергеуде болуы осы қылмыстың кім ашуына байланысты бірқатар қылмыстарды осы қылмысты ашқан басқа тергеушілердің тергеуіне мүмкіндік береді.
Істердің байланыстылығы бойынша тергеуде болу жасалған қылмысқа бір немесе бірнеше адамды айыптау бойынша бірнеше алдын ала тергеу органдарындағы тергелудегі істерді бір өндіріске біріктіру болып табылады.
4. Анықтау— бұл алдын ала тергеу өндірісі міндетті болмайтын, қылмыстық істер бойынша жүргізілетін анықтаушының тергеуі (ҚР ҚІЖК 65-бап 3-тармақ). Анықтау органдары (анықтау органдары туралы «қылмыстық істі қозғау» тарауын қараңыз) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізеді. Анықтау жүргізетін органның аты, қылмыстар тізімі, тәрітібі мен мерзімдері Қылмыстық іс жүгізу кодексінде қарастырылған. Анықтау материалдары оны сотта қарау үшін негіз болып табылады.
Қазіргі заң анықтау органдарының тергеуге қатысты құқығы бар анықтау органдары мен қылмыс түрлерін толық тізімін келтіріп отырғандығын атап өту керек (ҚР ҚІЖК 285-бап). Оған жататындар:
1) ішкі істер органдары, мысалы, денсаулыққа ауырлығы орта деңгейде қасақана зиян келтіретін істер бойынша (ҚР ҚК 104-бап), ауру адамға жәрдем көрсетпеу (ҚР ҚК 118-бап) және негізінен Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодекстің 1-бөлімінде көзделген басқа да бірқатар қылмыстар бойынша;
Достарыңызбен бөлісу: |