Әож 34: 002 Амзабекова Айнура Артикойкизи-юм-21-1к6тобының студенті



Дата27.03.2023
өлшемі15,6 Kb.
#173076
Байланысты:
Мақала Юм21-1к6 Амзабекова
5, Латын сессия жауаптары

ӘОЖ 34:002 
Амзабекова Айнура Артикойкизи-ЮМ-21-1к6тобының студенті
Ерманкулов М.К. аға оқытушы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Шымкент Қазақстан
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Бұл мақалада бүгінгі таңда ошақ алып келе жатқан қылмыстарды
Таныстырып өттім.Содан соң ол қылмыстардың алдын алу жолдарын
да кеңінен қарастыра кеткен болатынмын.Қоғамға осы түрдегі қылмыстардың келер зияны өте көп екені белгілі,дегенмен,қоғам түзелуіне әсер ететін адамдардың өзі қылмысқа дұшар болып жатса қоғам дамып өркендеуі екі талай болмақ…
Тірек сөдер: Қылмыс,субъекті,объекті,жеке адам,қылмыстық құқық бұзушылық.
Адамдардың идеалогиясы түрленген мына заманда адамдардың кейбір бөлігі теріс пиғылға бет бұрып барады.Сондықтан болар адамзат арасындағы қылмыстардың да саны көбеюде.Жалпы қылмыстардың өзі түрленіп олардың санымен қоса түрі де артуда.Оған көптеген мысалдар келтіруге болады.Солардың бірі-жеке адамға қарсы қылмыстар.Бүгінгі таңда бұл қылмыстың кездеспейтін жері жоқ.Жеке адамға қарсы қылмыстар дегенде нені түсінеміз?Оның элементтері нені құрайды? Бұл түрдегі қылмыстар шығуына не түрткі болуда? Осы сынды көптеген сұрақтар адамдардың соның ішінде біз болашақ құқық қорғаушылардың көкейінде жүргені сөзсіз.Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстармен танысайық.Жеке адамға қарсы қылмыстар деп аты айтып тұрғанындай адамдардың денсаулығына, құқықтарына,бостандығына және де жеке басына қарсы қылмыстар жатады. Осы орайда айта кетерлік жайт дәл осы түрдегі қылмыстар және де қылмыстық құқық бұзушылықтар қазіргі күнде қоғамға үлкен зиянын тигізіп отыр.Сол үшінде осы түрдегі қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы күрес күшейтілуде.Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық болып адамдардың жеке басына, ар намысына ,саяси әрі еңбек ету әрекеттеріне ,мүліктік құқықтарына ,денсаулығына қол сұғушылықтары табылады.Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінен тікелей объектісіне қарай 6 түрге бөлінеді.Оларды санап өтер болсақ; Өмірге қарсы қылмыстар; Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар; Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар; Адамның арнамысы менқадір қасиетіне қасы қылмыстар; Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар; Жыныстық бостандық пен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар; 
Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзі де өз ішінде түрлі бөліктерге бөлінеді.Яғни,дәрежеленеді.Олар :Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру.Немесе адам өлтіру қызметін айтар болсақ,бірінші кезекте адам өлтірудің құрамын талдау қажет. Адам өлтірулің негізгі объектісі болып жеке адамның өмірі табылады. Ал субъектісі 14 жасқа толған өз ісінің мәнін түсінетін ақыл есі дұрыс адам.Объективтік жағына келер болсақ қоғамға қауіпті әрекет,қоғамға ,жеке адамдарға зардап,бір сөзбен айтқанда адамнығ қазасына әкеп соғатын белсенді іс әрекет немесп әрекетсіздік.Субъективтік жағы қасақаналықпен оның ішінде тікелей түрде немесе жанама түрде әрекет ету. Келесі түрдегі жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық ұрып-соғу болып,бұл қылмыстық құқық бұзушылық денсаулыққа жеңіл немесе орташа зиян келтіруге алып келеді. Ал ұдайы ұрып соға беруден немесе басқа да күш қолданудың кесірінен қинау жүзеге келеді. Осы қатарды зорлау қылмысымен жалғастырар болсақ, зорлау да өте ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар қатарына енеді.Зорлаудың субъектісі 14 жасқа толған ақыл есіде дұрыс адам,объектісі болып жынысытық бостандық оның ішінде денсаулық, ал субъективтік жағынан тікелей қасақаналықты соңғы объективтік жағынан күш қолдануын, дәрменсіздігін сол сынды әлсіз күйін пайдалануды айта алады екенбіз. Соңында түйіндеп адам ұрлау қылмысын айтар болсам, адам ұрлау ҚР ҚК 125 бабында келтірілгендей мазмұндалады. Адам ұрлауға негізігі құрамына байланысты дәрежелеу арқылы жаза түрін қолданылады.Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстар және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бірінші кезекте үгіт-насихат жұмытарын көп жүргізу қажет.Әрі оны жасаған айыпты тұлғаларға дұрыс шара қолдану арқылы ол әрекеттің қаншалық дұрыс еместігін ұқтырған жөн деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет