1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында


Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу



бет18/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)

Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу

1. . 530-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi

      1. Осы тараудың ережелерi қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.

      2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi осы Кодексте белгiленген жалпы қағидалармен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.

      3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi:

      1) осы адамның бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiліп, олардың бiр бөлiгi он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасалған болса;

      2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам сот iсiн жүргiзу кезiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.



2.. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу осы Кодекстiң 216 және 367-баптарында көзделген тәртiппен, қорғаушының, заңды өкiлдiң, ал қажет болған кезде психологтің және педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алынушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.

2. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және ол үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда күнiне төрт сағаттан артыққа созылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған адам анық шаршаған жағдайда, жауап алу осы уақыт аяқталмастан тоқтатылуға тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет