5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады. 6. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттiң кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.