1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында


) еңбекақыны өндіріп алу талаптар



бет35/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)
Практикалық сабақ 1 сапа менед
6) еңбекақыны өндіріп алу талаптар;

7) мұраны мұрагерлермен қабылдауға дейін мұра қалдырушының несие берушілерінің талаптары.

1 сұраққа жауап: Соттылықтың түріне байланысты соттылықты анықтаңыз:

1.айырықша соттылық

2.талап қою бойынша соттылық

3.талап қою бойынша бойынша соттылық

4.талап қою бойынша соттлық

5.айырықша соттлық

6.талап қою бойынша соттылық

7.айырықша соттылық

ҚР Азаматтық процестік кодексі бойынша

30-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық

1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.

2. Заңды тұлғаға талап қою оның мүлкінің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

4. Талап қоюшы әке болуды анықтау туралы және алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды өзінің тұрғылықты жері бойынша беруі мүмкін.

5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады. Өмірге және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда талап қоюлар тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің орналасқан жері бойынша беріледі.

6. Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.

7. Некені бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған жағдайда берілуі мүмкін.

8. Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудан, процестік мәжбүрлеу шараларын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша берілуі мүмкін.

10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы өндіріп алу туралы талап қоюлар жауапкердің немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

11. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

12. Бірнеше жауапкерге талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

13. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талап қоюшыға тиесілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет