-сот мәжілісін дайындау бөлімі; -сот тергеуі; -соттағы жарыссөз; -сотталушының соңғы сөзі; -үкім шығару. Енді басты сот талқылауы сатысының ақырғы бөлімі-үкім шығару туралы әңгіме болмақ.Шынында сотта істі қарау сатысы үкім шығарылып,оны жариялағаннан кейін аяқталады.Қылмыстық істер бойынша сот шешім қабылдағанда заң тәртібін бұлжытпай орындап,заңдылықты қатаң сақтап,сот мәжілісіне қатысушылардың және басқа да азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауы керек. Үкім дегеніміз не? Ол жөнінде ҚР ҚІЖК 7-бабының 34-тармағында үкім-айыпталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бірінші сатыдағы соттың басиы сот отырысында шығарылған сот үкімі делінген. Заң бойынша үкім-Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында және ҚР ҚІЖК 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып,сотталушыға қатысты оның кінәлігін немесе кінәлі еместігі,қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешім болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы іс жүргізу саласындағы ғалымдардың жазған еңбектерінде үкімнің мазмұнына басқа да мәселерді кіргізеді.Мысалы,профессор И.Д.Перлов үкімнің мазмұнына кінәсіздік,жаза қолдану,қолданбау сияқты мәселелерден басқа шешілетін басқа мынадаймәселелерді қосады: