-азаматтық талап; -бұлтартпау шаралары; -айыпталушының алдын ала тергеу кезінде қамауда отырған мерзімін есепке алу,тағы да басқа жағдайлар. Үкімнің қоғамдық-саяси және тәрбиелік маңызы зор.Оның тәрбиелік маңызы мынада:қоғамға қауіпті қылмыскерлерді әшкерелеп,оған тиісті жаза қолдана отырып,сотталушы алдағы уақытта қылмыс жасамауына үзілді-кесілді тыйым салады және басқа азаматтарға қылмыстың ертелі-кеш ашылатынын дәлелдейді,айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатындығы ескеріледі,құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.