Қылмыстық процестің сатысына дейінгі алдын ала тергеудің мәні бұл уақыт кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының бүкіл қызметі істі ашу мен тергеуге жұмсалатындығында
3.Қылмыстық процестің сатысына дейінгі алдын ала тергеудің мәні бұл уақыт кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының бүкіл қызметі істі ашу мен тергеуге жұмсалатындығында. Алдын ала тергеудің жалпы талабына жататындар: заңдылық, жан-жақтылық, толықтылық, өндірістегі бірқатар жалпы талаптарды сақтауға байланысты болатын алдын ала тергеудің объективтілігі. Олар өзін заңмен белгіленген және кылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрінің өзіне тән ерекшеліктерін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу принциптеріне байланысты ережелер оған қойылатын өте маңызды талаптар ретінде көрсетеді. Қылмыстың мән-жайын ең қысқа мерзімде және күш пен құралды өте аз жұмсау арқылы белгілеу алдын ала тергеу шарттарының бірі. Сонымен бірге шарттар жеке адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік жасайды, мүмкін болатын қателердің алдын алады, болдырмайды.