Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни


АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 
 
1.Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардыњ жалпы сипаттамасы.
2.өмірге қарсы қылмыстар.
3.Денсаулыққа қарсы қылмыстар.
4.
 
Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар 
5. Адамның жыныстық дербестігіне және жыныстық еркіне қарсы 
қылмыстар 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы - адам, оның 
өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғарғы құндылықтар деп 
жариялайды. 1961 жылғы Қаз ССР ҚК қарағанда бұл ҚР ҚК "Жеке адамға 
қарсы қыл-мыстар" бірінші тұр, ҚК Ерекше бөлімі содан басталады. 
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, 
бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға 
бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп 
танылады. Бұл текті қылмыстар жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не 
оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп 
төнеді. Мұндай қылмыстардың тектік (түрлік) объектісі - адамның жеке 
басы, ал тікелей объектісі - оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-
қасиеті. Қылмыстың тікелей объектісіне байланысты бұл тарауды мынадай 
топтарға бөлуге болады: 
1. Өмірге қарсы қылмыстар (ҚК 96-102-баптары); 
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚК 103-111,114-116-баптары); 
3. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар (ҚК 112, 113, 
117-119-баптары); 
4. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына 
қарсы қылмыстар (ҚК 120-124-баптары); 
5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы 
қылмыстар (ҚК 125-128-баптары);
6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы 
қылмыстар (ҚК 129, 130-баптары). 
"Жеке адамға қарсы қылмыстар" тарауына Заң шығарушы жеке 
адамға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар 
енгізілген, оларда қоғамға қауіпті мұндай іс-әрекеттердің қылмыстық-
құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып 
нақты қылмыстық іс-әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған. 
2. Өмірге қарсы қылмыстар 
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК бойынша 
өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК 96-бабы); 
жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК 97-бабы); жан күйзелісі 
жағдайында болған адам өлтіру (ҚК 98-бабы); қажетті қорғаныс шегінен 
шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК 99-бабы); қылмыс жасаған адамды 
ұстау үшін қажетті щаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру 
(ҚК 100-бабы); абайсызда кісі өлтіру (ҚК 101-бабы); өзін-өзі өлтіруге 


дейін жеткізу (ҚК 102-бабы). Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, 
соңғы екеуінен басқасы, адам өлтірумен байланысты. 
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
әр 
адамның 
денсаулығын қорғауға кепілдік береді (29-бап). Осы конституциялық 
ережені жүзеге асырудың бір нысаны- денсаулыққа қарсы жасалған 
қылмыс үшін жауаптылық белгілеу. 
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің әр 
түрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық ҚК 103-111-баптарында 
көзделген. 
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-
медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы 
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау 
Комитеті 1998 жылғы 4 мамырда бекіткен "Денсаулыққа келген зиянның 
ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі" маңызды рөл 
атқарады. 
Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге - ауыр, 
орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді. 
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі 
критерий - өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында. 
Жалпы және кәсіби еңбек қабілетін қаншалықты және қанша уақытқа 
жоғалтудың да маңызы бар. Бетті адам көргісіздей бүлдіргенде 
денсаулыққа ауыр зиян келгендігін анықтау үшін эстетикалық 
критерийлер қолданылады. 
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына 
зиян келтіру арқылы басқа объектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс 
құрамының нышаны болып табылады (ҚК 326-бабы 2-бө-лігінің "а" 
тармағы, 374-бабы). 
Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленушінің келісуі, жалпы ереже 
бойынша іс-әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болып 
табылмайды. 
Бірақ, емдеу процедураларын жасау кезінде ден-саулығы үшін мүмкін 
болатын тәуекелге еркімен келісу, сол келісімді берген адамның 
денсаулығына зиян келтірудің заңға қайшы екендігін жоққа шығарады. 
Бұл қылмыстардың объектісі - адам денсаулығының қауіпсіздігін, 
яғни басқа адам ағзамының белгілі бір физиологиялық күшін қамтамасыз 
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық кодекс кез 
келген адамның денсаулығын, оның туғанынан бастап табиғи өлгеніне 
дейін, жасына және денсаулық жағдайына қара-мастан қорғайды. 
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет немесе әре-кетсіздік арқылы 
басқа адамның денсаулығына заңға қайшы зиян келтіру. Кінәлі адамның 
іс-әрекеті мен денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қылмыстық зардап 
арасындағы себептік байланыс қылмыстың міндетті нышаны болып 
табылады. Денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттер қылмыстық болып 


табылады, егер олар заңға қайшы жа-салса және олар қылмыстық заңда 
көзделсе. 
Адам денсаулығына әсер етудегі кінәлінің әрекеті механикалық, 
химиялық жолмен күш жұмсау, жылу қолдану (кейде психикалық та) 
арқылы болуы мүмкін. 
Адам денсаулығына әрекетсіздік танытып та зиян келтіруге болады. 
Қылмыстың бұл қарастырылып отырған құрамдары материалды, яғни 
кінәлінің қылмыстық әрекетінің нәтижесінде басқа адамның денсаулығына 
зиян келген жағдайда ғана қылмыс аяқталған деп саналады. Денсаулыққа 
қарсы қылмыс дегеніміз - заңға қайшы әрекет арқылы басқа адамның 
денсаулығын зақымдау, дененің анатомиялық бүтіндігін бұзу не қандай да 
мүшенің немесе жалпы ағзаның жұмысын қалыптан шығару. 
Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі- бұл ең алдымен, заңға қайшы 
әрекет деген сөз. 
Заңға сәйкес қажетті қорғану, өте қажеттілік, қылмыс жасаған адамды 
ұстау жағдайында басқа адамның денсаулығына зиян келтіру - қылмыс деп 
саналмайды. Денсаулыққа зиян келтірудің ерекше санатына спорт 
жарақаты жатады, егер спортшы жаттығу немесе жарыс кезінде ереже 
бұзбай денсаулығына зақым келтірсе, онда оны кәсіби тәуекелге жатқызуға 
болады. Ал, денсаулығына, тіптен жарыс кезінде болса да, қасақана зиян 
келтірсе, қылмыстық жауаптылық болуға тиіс. Кубаның қылмыстық 
заңында мынадай арнайы норма бар: спорттың рұқсат етілген түрлері 
бойынша жарыс кезінде ойын ережесін бұза отырып денсаулыққа қасақана 
зиян келтірсе - жалпы негізде жауаптылық көтереді; егер жарақат 
абайсызда алынса, бірақ спорт ережесі бұзылса - абайсызда әрекет ретінде 
жауаптылық көзделеді; ал, жарақат абайсызда алынып және де спорт 
ережесі 
бұзылмаса 
қылмыстық 
жауаптылық 
болмайды. 
Спорт 
ережелерінің бұзылуымен келіскен төреші қылмысқа қатысушы ретінде 
саналады. 
Денсаулыққа зиян келтірудің объективтік жағы қасақана кінәмен де, 
абайсыз кінәмен де сипатталады. Айыпкер өзінің қоғамға қауіпті 
әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулығына зиян келетінін 
ұғынады, ондай зардаптың мүмкін екендігін немесе қалай да 
болатындығын алдын ала біледі, соны тілейді (тікелей ниет) және соған 
саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды (жанама ниет). 
Көп жағдайда, денсаулыққа зиян келтіру ниетінде нақтыланған сипат 
болады, яғни басқа адамның денсаулығына зиян келтіргенде кінәлі оның 
болатын нақты зардабын алдын ала біледі. Мысалы, басқа адамның 
ағзасына препарат енгізгенде, кінәлі ол адамның соқыр болып қалатынын 
біледі. 
Егер осындай нақтыланған ниетті кінәлі, өзіне байланысты емес 
себептермен жүзеге асыра алмаса, онда ол денсаулыққа тиісті ауырлықта 
зиян келтіруге оқталған ниетінің мазмұнына сәйкес жауаптылық көтереді. 
Басқа адамның денсаулығына зиян келтірген адамның ниетінде, 
кейде, нақтылық болмайды. Жәбірленушінің денсаулығына қандай да бір 


зиян келуі мүмкін екендігін кінәлі алдын ала біледі, соны тілейді немесе 
оған саналы түрде жол береді, бірақ өзінің іс-әрекеттерінің салдарынан 
жәбірленушінің денсаулығына қандай дәрежеде зиян келетіндігіне 
немқұрайды қарайды. Бұл жағдайда, жәбірленушінің денсаулығына іс жү-
зінде келген зиянның сипатына қарай жауаптылық болады, себебі қандай 
зардап болса да кінәлінің ниетімен жасалған. 
Денсаулыққа қарсы қылмыстардағы кінәнің абайсыз нысанына 
қылмыстық менмендік немесе қылмыстық ұқыпсыздық жатады. 
Денсаулыққа заңға қайшы зиян келтірудің себептері әр түрлі болады. 
ҚК 103-бабында және 104-баптың 2-бөлігінде көзделген, денсаулыққа 
қасақана зиян кел-тірудің субъектісі 14 жасқа толған адам бола алады. 
Денсаулыққа қарсы басқа қылмыстарда жауаптылық 16 жастан бастап 
қарастырылған. 
4. Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар 
Өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келті-ремін деп, сол 
сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш жұмсаймын не мүлікті өртеп 
құртамын деп, жары-лыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен 
қорқыту арқылы адамға психикалық қысым жасауды көздеген әрекеттер 
қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қорқыту сөздері көздеген 
құрбанның өзіне тікелей немесе үшінші адам арқылы айтылуы мүмкін 
(ауызша, жазбаша, телефон арқылы, т.б.). 
Бұл қылмыстың міндетті нышаны - қорқытудың бос сөз еместігінде, 
яғни қорқытудан сақтану керектігіне негіздің болуы. Өз атына айтылған 
қорқытуды жәбірленуші бос сөз немесе қалжың деп санамайды, оның 
жүзеге асуы мүмкін екендігіне сенеді. Ол сенімді кейбір факторлар 
күшейтеді: нақты қалыптасқан жағдай, уақыт, орын, кінәлінің мінездемесі, 
оның жүріс-тұрысы, бұрын сотталғандығы, т.б. 
Қорқытуды жәбірленушінің субъективтік қабылдауында сақтықтың 
объективтік негіздері болуы тиіс. Бұл жерде, айтылған қорқытуды кінәлі 
келешекте жүзеге асырғысы келе ме, келмей ме, әңгіме онда емес, ең 
бастысы қорқытудың жүзеге асатынына құрбанның сенуінде. 
Бұл қылмыс формальды құрамға жатады, яғни басқа адамның өміріне 
немесе денсаулығына қорқыту айтылған кезден бастап ол аяқталған болып 
саналады. 
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет ныса-нындағы кінәмен 
сипатталады. Кінәлі өзінің басқа адамды қорқытып отырғанын ұғынады, 
сол әрекеттерді жасауды тілейді. Қылмыстың себептері мен мақсаты 
әрқилы, олар саралауға ықпал жасамайды. 
Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. 
Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын 
немесе тінін алуға мәжбүр ету. 
Бұл норма қылмыстық заңға бірінші рет кіріп отыр, ол үш бөліктен 
тұрады және ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның 
органдарын немесе тінін алуға мәжбүр еткендік үшін қылмыстық 
жауаптылық көздейді. 


Емдеу тәсілі ретінде органдарын немесе тінін ауыстырып салу науқас 
пен донорды қамтитын бір операция болып табылады. 1997 жылғы 19 
мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау 
тура-лы" Заңының 31-бабында органдарды немесе тінді ауыстырып салу 
үшін адам, адам мәйіті, жануар донор бола алады делінген. Адам органы 
коммерциялық мәміле заты бола алмайды. Басқа адамның органдарын 
немесе тінін мәжбүрлеп алуға жол берген адам қылмыстық жауапқа 
тартылады. 
Қылмыс объектісі - адамның өмірі мен денсаулығы, ал қылмыс заты - 
кез келген орган немесе тін. 
Қылмыстың объективтік жағы ауыстырып салу не өзгедей пайдалану 
үшін органды немесе тінді алуға донорды мәжбүрлеу әрекетімен (күш 
жұмсап немесе психикалық қысым жасап) сипатталады. Бұл ретте күш 
жұмсау немесе күш жұмсайын деп қорқыту арқылы донордың келісімінсіз 
кінәлі өз мақсатына жетеді. 
Күш жұмсау дегеніміз - жәбірленушінің денсаулы-ғына жеңіл (ҚК 
105-бабы) немесе орташа ауырлықтағы (ҚК 104-бабы) зиян келтіру немесе 
оны ұрып-соғу (ҚК 106-бабы). 
Таңдап алған "донордың" денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе 
ол өлген жағдайда іс-әрекет ҚК 103-ба-бы екінші бөлігінің "и" тармағы 
бойынша немесе 96-ба-бының 2-бөлігінің "м" тармағы бойынша 
сараланады. Психикалық қысым жасағанда жәбірленушінің атына 
өлтіремін немесе денсаулығына ауыр зиян келтіремін деген қорқыту 
айтылады. 
Қылмыс құрамы формальды. Ол қылмыстық іс-әрекет (алуға 
мәжбүрлеу) жасалған кезден бастап аяқталған болып саналады, 
қылмыстық нәтижесінің болғандығы, яғни жәбірленушінің донорлыққа 
келісім берген-бермегендігі маңызды емес. 
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет нысанындағы кінәмен 
сипатталады, кінәлі өзінің жәбірленушіні органды немесе тінді алуға 
мәжбүрлеп отырғанын ұғынады, соны тілейді. Қылмыстың себебі - басқа 
адам-ның денсаулығын құрбан етіп жақын адамға көмектесу ниеті, сондай-
ақ бас пайданы ойлау. Мақсат - жәбірленушінің органдарын немесе тінін 
ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін алу. 
Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. ҚК 113-
бабының 2-бөлігі бұл қылмыстың сараланған құрамын қарастырады, олар: 
а) кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу немесе кінәліге 
материалдық немесе өзге тәуелдіктегі адамға қатысты; 
б) көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты; 
в) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер. 
2-бөлігі бойынша саралау үшін жәбірленушінің келісімі болуы 
міндетті емес. "Дәрменсіз күй", "материалдық немесе өзге тәуелділік", "екі 
немесе одан да көп адамға қатысты" түсініктер жоғарыда ашылған. ҚК 
113-бабы 2-бөлігінің "б" тармағы бойынша жауаптылық жәбірленушінің 18 
жасқа толмағанын кінәлі білген жағдайда болады. 


ҚК 113-бабының 3-бөлігінде сол баптың 1 және 2-бөліктерінде 
көзделген іс-әрекеттерді жасап абайсызда донорды өлтіріп алғандық 
немесе басқа да ауыр зардаптар болғандық үшін (организм функциясының 
бұзылуы, еңбек қабілетін жоғалту, т.б.) жауаптылық белгіленген. 
5. Адамның жыныстық дербестігіне және жыныстық еркіне қарсы 
қылмыстар 
Нәпсіқұмарлық адам бойына біткен табиғи қасиет. Ол, негізінен, 
мораль принциптері, неке бойынша және де некеден тыс жыныстық ара 
қатынастарын реттейтін заңдардың нормалары бойынша шектеледі. 
Адамның жалпы еркіндігі мен дербестігі жыныстық еркіндікті де, 
ересек адамның нәпсіқұмарлық тәбетті қандай нысанда кіммен 
қанағаттандыратынын өзі шешетін дербестікті де қамтиды және де ересек 
адамның да, кәмелетке толмағанның да жыныстық дербестікке құқығы бар 
деген мағына береді. Қылмыстық заң (ҚК 120-124-бап-тары) бұл 
құқықтарды қоғамда қалыптасқан жыныстық мораль нормаларына көрінеу 
қайшы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салу арқылы қорғайды. 
Жыныстық дербестікке қарсы қылмыстар дегеніміз - қылмыстық 
заңда қарастырылған, 16 жасқа немесе 14 жасқа толмаған адамның 
жыныстық дербестігіне, дене бітімінің және психикалық қалыпты 
дамуына, ересек адамның жыныстық еркіндігіне немесе қоғамда 
қалыптасқан жыныстық қатынас ғұрпына қауіпті қастандық. 
Бұл қарастырылып отырған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі сол, 
олар адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне елеулі 
нұқсан келтіреді, кәмелетке толмағандарды бұзады, олардың дене бітімі 
мен ішкі жан дүниесінің дамып қалыптасуына теріс ықпал жасайды
қоғамдық моральды бүлдіреді. Бұл жаңа қылмыстық заңның өзгешелігі 
сонда, бұрынғы ескі заңда ауырлататын мән-жайларда әйел зорлағандық 
үшін өлім жазасы қарастырылған болатын (ҚК 101-бабының 4-бөлігі). 
Бұл қылмыстар тобының объектісі - жыныстық еркіндік пен 
жыныстық дербестік, ол кейбіреулерінің қосымша объектісі - балалар мен 
жасөспірімдердің қалыпты дамуы. Жәбірленушіге сипаттаманы әрбір бап 
бойынша бөлек, заңның мәні бойынша беру керек, жәбірленуші жасына 
қарамай әйел де, ер адам да болуы мүмкін, яғни екі жыныстың да 
адамдарын бірдей қорғау қылмыстық заңда көзделген. 
Жыныстық қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамдардың 
Қылмыстық кодекстің диспозициясында немесе басқа бабында анықталған 
заңға қарсы әрекеттерінің сипатынан көрініс табады. Құрамдар, негізінен, 
формальды. Кейбір жыныстық қылмыстардың саралаушы нышанының бар 
екендігін мойындау үшін кінәлінің әрекеттері мен болған саралаушы 
зардаптар арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Бұл топтағы қылмыстардың субъективтік жағы тікелей ниетпен 
сипатталады. 
Қылмыс жасаудағы себеп, негізінен, нәпсіқұмарлық, бірақ басқа да 
себептер болуы мүмкін. 


Жыныстық қылмыстардың субъектісі - 16 жасқа толған екі жыныстың 
да адамдары болуы мүмкін. Зорлаудың (ҚК 120-бабы) және нәпсіқұмарлық 
сипатындағы күш қолданудың (ҚК 121-бабы) субъектісі 14 жасқа толған 
адамдар. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет