Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
 
 
 
 
 
 
 
 


АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 
1.Адам және азаматтыњ конституциялық құқықтары мен бостандықтарына 
қол сұғатын қылмыстардыњ жалпы сипаттамасы.
2.Адам және азаматтыњ конституциялық құқықтары мен бостандықтарына 
қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
3.Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
4.Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқытары мен 
бостандықтарына қарсы қылмыстар.
5.Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.
6.Аталған қылмыс санаттарыныњ жекелеген құрамдарын саралау 
ерекшеліктері. 
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы, біздің елімізде 
адам құқықтары мен бостандықтары-ның танылатынын және оларға 
кепілдік берілетінін анықтайды. Конституцияның 2-бөлігінде жарияланған 
адам құқықтары мен бостандықтары құқықтың барлық сала-ларымен, 
соның ішінде қылмыстық-құқықтық саламен де қорғалады. 
ҚК 
3-тарауы 
адамның 
және 
азаматтың 
құқықтары 
мен 
бостандықтарына қарсы қиянат жасағаны үшін жауаптылықты 
қарастыратын нормаларды құрайды. Аталған қылмыстық тектік объектісі 
адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтары болып табылады. 
Объективтік жағынан қарастырылып отырған қылмыстың көпшілік 
тобы әрекет арқылы жасалады, бірақ кейбірі әрекетсіздік арқылы да 
жасалуы мүмкін (ҚК 152, 154-баптары). Қарастырылып отырған ҚК-тің 
тарауында формальды (ҚК 141, 143, 147, 149, 151, 153, 155-баптары) және 
материалды (ҚК 142, 148, 150, 152-баптары) құрамдар бар. Жекеленген 
баптарда қылмыс жасау тәсілі, қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде 
көрсетіледі (ҚК 151, 153, 155-баптары). 
Осы қылмыс тобының формальды құрамы субъективтік жағынан 
тікелей қасақаналықпен, ал материалды құрамы тікелей және жанама 
қасақаналықпен жасалады. ҚК 144 (Дәрігерлік құпияны жария ету) және 
152-баптары (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) абайсыздықпен де жасалуы 
мүмкін. 
ҚК тек 141 және 148-баптарында ғана қылмыс себебі міндетті белгі 
ретінде көрсетілген. 
Мақсат, міндетті белгі ретінде қарастырылып отырған қылмыс 
тобының бірінде де көрсетілмеген. 
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен 
бостандықтарына қарсы қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған ақыл-есі 
дұрыс тұлға бола алады. Кейбір құрамдарда арнайы субъект 
қарастырылған (ҚК 144, 147, 148, 150-баптары). 
Тікелей объектіге байланысты адамның конституциялық құқықтары 
мен бостандықтарына қарсы қылмысты мынадай топтарға бөлуге болады: 


1. Саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 141, 
146, 147, 150, 151 153-баптары); 
2. Жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 142-
145, 149-баптары); 
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қатынасы саласындағы құқық 
қорғауға қарсы қылмыстар (ҚК 148, 152-баптары); 
4. Ақпарат саласындағы құқықтар мен бостандықтарға қарсы 
қылмыстар (ҚК 155-баптары). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет