Іс-әрекеттің Қылмыс екенін жоятын мән-жайлар 3 Қажетті қОРҒану 3



бет1/6
Дата29.06.2022
өлшемі206 Kb.
#147180
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-60322


Жоспар

Кіріспе 2
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР 3
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ 3
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ 10
АСА (МӘЖБҮРЛІ) ҚАЖЕТТІЛІК 13
ОРЫНДЫ ТӘУЕКЕЛ 20
КҮШТЕП НЕМЕСЕ ПСИХИКАЛЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе


Әрбір азаматтың конституциялық борышы — қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдык белгісі болып табылатын басты белгі — қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.
Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.


ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ


Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті кол сүғушылықтан кұтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады. (32-бап, 2-бөлік)1. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі)2.
Бұл жерде мемлекеттік қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Қажетті қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықгары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқада игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылыкты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтаңдырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірүшінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның қылмыс Істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары калады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны больщ табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртігтпен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылыктан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мумкіндігі болғаиына қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан кашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлык азаматтар — кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардын жеке құқығы болып табылады.
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставка, басқадай нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милиция қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы арқылы” 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық қауіптерден қорғаудағы конституциялық құқығын жүзеге асырудың ең бір кепілі екендігіне соттардың назарын аудару керек3.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап бермейді, деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылык шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттердеп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл — бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға немесе денсаулыққа зақым келтіруге нақгы бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдык жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзаң заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зиянды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа, бостандықка, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға болады, Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ. Мұндай құқылық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген қылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу басқа жолмен тоқтатылады.
Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты — қорғану қол сұғушылық нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтылады. Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуга байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де қол сүғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты — болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын көрсеткен4. Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде “Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолдаса, ол әрекетті қажетті қоргануға жатқызуы керек” делінген. Егер қорғанушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегінен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану қолданылса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыкка тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты — қоғамға қауіпті қол сұғу айқын, шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анык зиян келтіретін болуы керек. Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет