Іс-әрекеттің Қылмыс екенін жоятын мән-жайлар 3 Қажетті қОРҒану 3


ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ



бет2/6
Дата29.06.2022
өлшемі206 Kb.
#147180
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-60322

ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ


Бірінші шарт. Қорғану заңда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсау, меншікке зиян келтірмейді, сондықтан да ондай қиянатқа тойтарыс берілмейді. Мазмұны жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден құралады. Денеге келтірілген зиян адам өмірін жоюға, денеге жарақат келтіруге да байланысты болуы мүмкін. Мысалы, С. деген адам маскүнемдіктің әсерінен үйде пышақпен пияз турап отырған К. деген өз әйелін сабап қана қоймай, оның мойнын бұрап, тұншықгырып далаға қарай сүйреген. К. өзін-өзі қорғау мақсатымен қолындағы пышақты күйеуіне қарсы жұмсауға мәжбүр болған, нәтижесінде күйеуі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп тапқан.
Жолда келе жатқан Ж. деген азаматты М. деген адам шалып құлатып, қолындағы темір балғамен жанды жерінен ұрғылай берген. Ж. М-ден қорғану мақсатымен өзі құлаған жерден қолына түскен таспен қиянат келтірүшінің басынан ұрып, оған ауыр дене жарақатын келтірген. Ж-нің әрекеті қажетті қорғану халінде істелген әрекет деп танылған. Қажетті қорғану халінде қиянат келтірушіге оның мүлкін жою, бүлдіру, қирату арқылы да зиян келтірілуі нүмкін. Мысалы: Автобус ішінде отырған бір топ жас жігіттер магнитофонды барынша айқайлатып музыка тыңдаған. Автобуста отырған Жапсарбай деген азамат жастарға келіп, магнитофонды өшіріп, тыныштық сақтауды өтінген. Бұл өтінішке магнитофон иесі жауап ретінде оны одан әрі қаттырақ сөйлетіп, өзі де қарқ-қарқ күлген. Бұл әрекетке ыза болған Жапсарбай әлгі жас жігіттің қолындағы магнитофонды жұлып алып, жүріп келе жатқан автобустың ашық терезесінен тысқа лақтырып жіберген. Магнитофон қирап, іске жарамсыз болып қалған, ал Жапсарбайдың әрекеті қылмыс емес деп танылған.
Екінші шарт. Қорғанушы зиянды қиянат келтірушінің тікелей өзіне (басқаға емес) келтіреді. Өйткені қажетті қорғанудың негізі қажетті қорғануды тудыратын қиянат келтірушінің өзі ғана болады. Ондай болса қажетті қорғану сол қиянат келтірушінің өзіне тікелей қарсы қолданылады. Мұндай қиянат келтірушіге келген зиян мөлшері, түрі әр түрлі болуы мүмкін: қиянат келтірушіні өлтіру, денесіне әр түрлі жарақат салу, оның мүлкін жою т. б. Осыған байланысты заң күні бұрын қиянат келтірушіге келетін зиянға ешқандай шек қоймайды.
Үшінші шарт. Қиянат келтірушіліктен дер кезінде қорғану қажет. Қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақыты мен оның аяқталғанға дейінгі аралығындағы қиянат келтірушіліктен қорғануды жүзеге асыру дер кезінде қолданылған қажетті қорғану болып табылады. Қол сұғушылық аяқталғаннан кейін де қорғану әрекетін одан әрі жалғастыру кешіккен қорғану деп танылады, мұндай іс-әрекет қылмыс қатарына жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысының 24тармағында “егер де зиян қол сұғушылықты тоқтатқаннан кейін немесе ол біткеннен кейін жасалып, қорғану құралының қажеттігі жоқтығы айқын болса және бұған қорғанушының көзі жетіп тұрса, ол қажетті қорғану жағдайында болды деп табылмайды. Мұндай жағдайда жасаған әрекеті үшін жауаптылық жалпы негізде қаралады”— делінген5.
Төртінші шарт. Қарсы әрекеттін, мақсатынан құралады. Ол қоғамдық қатынастарды оған зиян келтіруден қорғау болып табылады. Бұл туралы заңда қорғанушының немесе басқа адамнын жеке басының құқығын, тұрғын үйді, меншікті, жер учаскесін, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қоғамға қауіпті қастандықтан қорғау деп жалпылама аталған (32-бап, 1-бөлігі)6.
Қауіп төндірушіге қолданылатын қарсы әрекеттің мақсатының өзі осы қоғамдық қатынастарға зиян келтірмеу, зиян келтіруден сақтау, қорғау болып табылады.
Егер қиянат жасаушылық кек қайтару, өзара есеп айрысудың қолайлы сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік қылмыс болып табылады. Мысалы, Балбақ деген азамат өзімен араздасып жүрген Қарабай деген көршісінің баласын бақшасынан қауын үзіп жаткан жерінен ұстап алып, оны белбеумен ұрып тастайды. Баласының таяқ жеп жатқанын көрген Қарабай үйінде тығулы жатқан дыбыссыз атылатын мылтығын алып, оны оқтап, дәлме-дәл көздеп тұрып Балбақтың басынан атып, оны өлтіреді. Алдын ала және сот тергеуінде Қарабай Балбақтың баласын ұрып жатқанын сылтау етіп қолайлы сәтті пайдаланып, кек қайтару мақсатымен оны атып өлтіргенін мойындаған. Сот оның әрекетін қажетті қорғануға жатпайтын кек алу мақсатымен қасақана кісі өлтіру әрекеті деп тапқан.
Жоғарғы Соттың Пленумы өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысында басқа адам заңсыз әрекеттер жасады деген сылтауды желеу етіп, оны өзінің құқыққа қайшы әрекеттер істеуге пайдалану үшін әдейілеп шабуыл жасауға килігуі (төбелес шығару, қоқан лоққы көрсету, кек алу әрекеттерін жасау және т.б.) ол қажетті қорғану кезінде болды деп санауға болмайды. Мұндай жағдайда жасаған әрекет үшін жауаптылық жалпы негізде қаралады. Қорғану заңды болу үшін қорғанушы қорғаныс шегінен шықпауы керек. Яғни, қиянаттың қаупі мен сипатына қорғанудың сөзсіз сәйкес келмеуі орын алмауы қажет.
Қылмыстық кодекстің 32-бабының соңғы бөлігіне сәйкес қиянаттың қаупі мен сипатына қорғанудың көрінеу сай келуі қорғанудың заңға сыйымдылық көрінісі болып табылады7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет