«Қайта өрлеу» немесе «Ренессанс» – Италия жерінен бастау алып кейін Франция,Германия, Нидерландыда тараған зиялы мәдениет дәуірі. 1550 жылы «Қайта өрлеу » терминін атақты архитектор Джорджо Вазари алғаш болып қолданысқа енгізді.
Қайта өрлеу дәуірінің 4 кезеңі:
Проторенессанс (13-14 ғ 2-жартысы)
Ерте ренессанс (15 ғ)
Жоғарғы ренессанс (15 ғ 70 жж -1530ж)
Кейінгі ренессанс (1530-1590 ж)
XIV-XVI ғасырлардағы алғашқы мектептер
1423-24 жылдары Витторино да Фельтренің бастауымен Мантуа қаласында «Бақыт үйі» мектебі ашылды.Аталған мектептің басты пәндері Классикалық филология және математика болды.Ал мектептің ерекшелігі – білім алушылардың дене тәрбиесіне аса көңіл бөлінді , балалар гимнастика ,жүзу ,атқа міну және семсерлесумен айналысқан.
«Бақыт үйі» деп аталуының бірден- бір себебі, мектепте дене жазасы қолданылмады . Өйткені, басты мақсат білім алушыларды негізен оқытылатын пәндерге қызықтыру болды.
Мектеп қабырғасында тек ауқатты адамдардың балалары емес , сондай ақ ерекше дарынды қарапайым отбасынан шыққан балалар , қыздарда білім алуға құқылы болды .
«Семь свободных искусств»
«Семь свободных искусств»
«Семь свободных искусств» дегеніміз қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикаға үлесін қосқан маңызды туынды.Еркін өнер ұғымы V-ғасырда Марциан Капелланың «О бракосочетании Филологии и Меркурия» трактатында осы 7 өнер ойдан құралған 7 жас қалыңдық бейнесінде көрсетілген.Яғни, әрбір кейіпкер бір өнер ретінде берілген ,ал ең негізгі кейіпкер –Философия . «Августин De ordine трактатында Философияның әрекетіне деген ойы: жанды дененің байламдарынан босатып, кері қайтаратын – білім.Ол саналы әлемге деген сүйіспеншілігінен айырылған жануарлық күйден өзінің бастапқы адамдық күйіне алып келеді.»(1) Сондықтан осы еңбектің арқасында қайта өрлеу дәуірінде білім мен тәрбие өзгеше сипатқа ие болып, педогогиканың ажырамас құрамдас бөліктеріне айналды.