Кейс №1 1. Істі сотта қарауға әзірлеу уақытында судья жауапкердің өкілдерінің бірінен ол 5 жыл бұрын жұмыс істеген ұйымның басшысын таныды. Оның істе қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайлардың барын есептеп, судья өзін-өзі шеттетуді мәлімдеді.
Судьяның іс-әрекеті дұрыс па?
Соттың құрамына қарсылықты шешу тәртібі қандай?
1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа?
Судья іс әрекеті дұрыс, ҚР АІЖК 38 бабында 38-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту)үшін негіздер
1. Судья, егер ол:
1) осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысқан болса;
2) іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса;
3) істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.
2. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды.