1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында



бет96/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)

Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгi

1. Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде:

1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде);

2) сотталушыны кiнәсiз деп тану және оны ақтау туралы шешiм, ақтаудың негiздерi;

3) егер бұлтартпау шарасы таңдалған болса, оның күшiн жою туралы шешiм;

4) ақталған адамның қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеткізу құқығының танылуы қамтылуға тиіс.

2сұраққа жауап.

Ақтау туралы шешiм қабылдаған анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор немесе сот ҚПК-нiң 42-бабына сәйкес адамға ақтау үкiмiнiң немесе қаулысының көшiрмесiн және зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламаны жiберуге мiндеттi. Хабарламада ҚПК-нiң 40-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес адам мүлiктiк зиянды өтеудi, моральдық зиянның салдарын жоюды, iс жүргізуге байланысты бұзылған еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiрудi талап етуге құқылы екенi көрсетiлуi керек. Сонымен бiрге, хабарламада зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлуi керек, атап айтқанда: адамның талап қоюға құқылы мерзiмi; мүдделi адамның: ақталуы туралы мәлiметтердi тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарына, жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерiне жiберу туралы талапты, мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiру туралы талапты, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талапты, мемлекеттiк наградаларын қайтару, құрметтi және өзге де атақтарын, шендерiн, дәрежелерiн, біліктiлiк сыныптарын қалпына келтiру туралы, т.б. талаптарын жiберуге тиiс органдардың аты көрсетiлуi керек.

Егер мүліктік зиянды өтеу туралы талапты беруге алты айлық мерзім өткізіп алынса және қалпына келтірілмесе, онда адам азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай мәнде өтемақы туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ғана қойылуы мүмкін.

Соттар талап қоюларды қараған кезде мүліктік және моральдық зиянды өтеткізу құқығы қылмыстық процесті жүргізетін органдардың және олардың нақты лауазымды адамдарының кінәсіне қарамастан, мемлекеттің жауапкершілігі негізінде туындайтынын және зиян бюджет қаражатынан өтелетінін негізге алуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет