1 Т. Медетбековтың «Көк түріктер сарыны» жинағына талдау



бет1/5
Дата29.04.2020
өлшемі34,31 Kb.
#65157
  1   2   3   4   5
Байланысты:
13-апта Сәкен ағай


1)Т.Медетбековтың «Көк түріктер сарыны» жинағына талдау

Т. Медетбек (06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы. Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды.Яғни Бұл еңбек Темірханның көк түрік рухының күшін асқақтатқан туындысы. Халқымыздың әбден көмескі тартқан көне тарихын жалынды рухпен оқырманына жеткізуді мақсат қылған жырлар топтамасы. Онсыз да о бастағы табиғаты түркілік рух пен сарынға жақын ақын, бұл бағытқа енді түбегейлі бет бұрғанын айқындайды. Бұл пікірімізді Темірханның : "Мен өзім мазмұн болмаса, формаға аса құмар емеспін. Өлең кеудеңнен шықты ма, оның қандай формамен қағазға түсуі - екінші нәрсе. Бірақ, мен форманың адамға осынша күш беретінін көк түріктер сарынынан аңғардым. Не деген ірілік?! Не деген кеңдік?! Форма деген Құлтегін мен Тоныкөктің өз ішінде тұр",- деген таңғалысы бекіте түседі.Бүгінде көмескі тартқан тарихымыздың арғы тегі Түріктен, бергі белгісі (тасқа түскен жазуы бар) сол көк түріктің ұрпақтары: Құтлығ, Тоныкөк, Күлтегін және Иоллығ тегін тарихын танып, зерттеп жүрген, ежелгі тегімен сабақтас, тамырлас ақын Т. Медетбек шығармашылығынан ерлік пен елдікті танимыз. Мәселен, Күлтегіннен (үлкен жазу) бір шумақ өлеңді оқып көрелік :


Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Үстемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының ел-жұртын
Қалыптастырған, иелік еткен.
Дәл осы жауынгерлік пен ержүректік мінез Темірханның "Көк түріктер сарыны" кітабында келесідей берілген :Ұлдарымыз
Алшаң-алшаң жүретін,
Балпаң-балпаң басатын.
Қаншалардың шымылдығын
Найзасының ұшымен ашатын,
Жолбарыстарды алып ұрып
Сүтін ішетін,
Сөйтіп шөлін басатын,-
Арда болсын.Осы екі өлең жолдарын салыстырсақ, екі түрлі заман туындыларының арасындағы ұқсастықты, үндестікті байқаймыз. Біздіңше, осы ата-баба сарыны Темірхан поэзиясын жаңа биікке көтеріп отыр. Ендеше, Темірхан ақынның "Көк түріктер сарыны" да бізге осыншама алыстан талып жеткен сарын. Соған қарамастан ақын бүгін де Күлтегінді түсінде көретін дәрежеге жеткен. "Көк түріктер сарыны" біз үшін бір жағынан таныс әуен сияқты болса, екінші жағынан ұлттық поэзиямызда бұрын-соңды болмаған тың тақырып, поэтикалық әдіс.Көк түріктер заманында бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген қуатты идея сақталды. "Күлтегін" жырында империялық сана көрініс тапқан. Империя атану - зор саяси қуатқа ие болу деген сөз. Темірхан сол империялық ахуалды негізге алып, оны бүгінгі тәуелсіз қазақ, егеменді ел жағдайында екі аяғымызды нық басып, анық сөйлеуімізге қажет екендігін жырлап келеді. Бағзы заманда бір жыраудың : "Балпаң-балпаң барарсың, басуға табан шыдаса" - дегеніндей, бұл да ұлтымыздың өз жерінде, өз елінде баянды өмір сүруі үшін дем берер, ой салар туынды.Негізінде "сарын" сөзінің мәнісінде өмірге түңілу немесе барға көңіл толмау, өткенге өкініш деген сияқты мотивтер бар. Алайда, Темірханның "Көк түріктер сарынында" әлдеқайдан құйылып жатқан қуат көздерін сезінесің, жаның сүйсінетін жайға тап боласың. Ақынның Көк түріктері - өзіміз. Демек, мәселе тек тарихта емес, өзімізде. Адам өзін-өзі аршып-тазалап алмаса, оған кінәлі кім? Әрине, адамның өзі. Осы мәселе туралы ақын не дейді. Ол ойланып жатпай-ақ бәрімізді адамшылыққа, рухани тазалыққа шақырады. Бірақ жаратылысынан кей адамдарды Жаратушы жалған өмірге сынау үшін тұқымынан обыр, озбыр, мешкей, надан, залым етіп жібереді. Бұл мәселерді ақын мейлінше түбегейлі зерттей келе, адам табиғатындағы періштелікке жатпайтын мінез, пиғыл, әдет түрлерін барынша шырайын-бояуын айшықтай суреттейді. Осындай істерді баян ете отыра, ол өзін-өзі қиынға сала береді. "Көк түріктер сарыны"- әр қазақтың жанын тазарта алатын катарсистік мәндегі кітап. Оның авторы ойшылдық әлемінде өзінше нық басып бара жатқан ақын -Т. Медетбек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет