1 Т. Медетбековтың «Көк түріктер сарыны» жинағына талдау



бет5/5
Дата29.04.2020
өлшемі34,31 Kb.
#65157
1   2   3   4   5
Байланысты:
13-апта Сәкен ағай

Әбдікәкімов поэзиясы.

Тыныштықбек Әбдікәкімов (Тыныштықбек Әбдікәкімұлы) – 1953 жылы 20 шілдеде бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы Абай ауданы жерінде, Шыбынды өзенінің бойында дүниеге келген.

Мен күн сайын өмірбойғы ұзақ Жолдан оралам.

Осы Жолдың екі ұшында – Қайырым мен Қара Нан.

Осы Жолдың екі ұшында – Музыка мен көк тиын...

Тегі, біздей дауасызға Құдайдан да жоқ тыйым.

Есесіне,


Естен бұрын, Қыдыр Қолын сезді иық!

Әне, сонда, Аспан Төрін байқап қалған Көзқиық

Ійесімін,

БАҚЫЙ ДЕГЕН – ҚАРАПАЙЫМ АЙНАЛЫМ:

ОЙЛАНУДЫ СЕЗІНУ МЕН СЕЗІНУДІ ОЙЛАНУ.

Мен күн сайын өмірбойғы ұзақ Жолдан оралам.

Осы Жолдың екі ұшында – Қайырым мен Қар Өлөң.

Осы Жолдың екі ұшында – Музыка мен Мейірім!..



Тәңір-Халық қияли ғып өсіреді кей ұлын.

Өлең мазмұнына мән берсек, ақынның ішкі жан-дүниесі, сезімі аңғарылады. Автор белгілі бір кеңістікті таңдаған ол – өмірбойғы ұзақ жол. Автор қиялы шексіз: ойлағанын сезеді, сезгенін ойлайды. Ал «айналайын» не десеңіз, автор түсінікте былайша анықтама берген: « Айналайын ( көп мағыналы сөз: «Қамқоршың болайын»«Садағаң кетейін» я «Жанымды пида етейін» т. с. с. Ең басты екі мағынасының біреуі – пенделік қалыптан өзгеріп, барша жанды-«жансыздарға» қамқоршы Жасампаз Ақыл-Есі Ійесі болуды, Рухы кемел періштелікті білдірсе, екіншісі – мәңгілік ғаламат айналайын сипатта болатын Космостың айналайын- өзгерісін айтады. «Айналайын» сөзінің метатезалық үлгісі: «айланайын»». Демек, автор өлеңде айналайын сөзінің екінші мағынасы ғарыштың өзгерісі дегенді алып отыр. Бұнда ойдың шексіздігі мен ғаламның кеңдігі ұғымдары бір-бірімен байланысын тапқандай болып көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет