1-тақырыбы: Фармацевтикалық өнімдер және шикізаттардың негізгі қасиеттері. Мақсаты



Дата06.02.2022
өлшемі154,16 Kb.
#82071
Байланысты:
Тапсырма1-1
амп1

1-тақырыбы: Фармацевтикалық өнімдер және шикізаттардың негізгі қасиеттері.
Мақсаты: Фармацевтикалық өнімдер және шикізаттардың негізгі қасиеттерін анықтау
Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  • Сұйықтың негізгі физикалық қасиеттерін;

  • Сұйық ағынының мінездемелерін;

Студент меңгере алуы тиіс:

  • Жұмысшы сұйықтың тығыздығын, меншікті салмағын, тұтқырлықтың динамикалық және кинематикалық коэффициенттерін анықтау;

  • Сұйықтың массалық және көлемдік шығындарын, қозғалу жылдамдығын анықтау;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жұмысшы сұйықтың тығыздығы, меншікті салмағы, тұтқырлықтың динамикалық және кинематикалық коэффициенттері;

  2. Сұйықтың массалық және көлемдік шығындары, қозғалу жылдамдығы;

  3. Сұйықтың ағу режимдері.

Білім берудің және оқытудың әдістері:
Студенттер сұйықтың физикалық қасиеттерін және сұйық қозғалуының гидродинамикалық режимдерін теориялық тұрғыдан түсініп, келесі сарамандық есептерді шешулері керек.

1 Есеп.
Газдың тығыздығын, меншікті салмағын және тұтқырлығының кинематикалық коэффициентін Рарт және t кезінде анықта. Атмосфералық қысым Р0 = 0,1 МПа.
Алғашқы деректерді кестеден алыңыз.

Шифрдың
бірінші
саны

Газ

Рарт, МПа

Шифрдың
екінші
саны

t, °С

1

Сутегі

0,2

1

20

2

Оттегі

0,3

2

22

3

Хлор

0,4

3

24

4

Азот

0,5

4

26

5

Көміртегі тотығы

0,6

5

28

6

Көмір қышқыл газы

0,7

6

30

7

Метан

0,7

7

32

8

Этан

0,8

8

34

9

Ауа

0,9

9

36

0

Бензол

1,0

0

38

2 Есеп.
Бір жүрісті қоршау құбырлы жылу алмастырғыштың құбырлары арқылы (құбырлар саны n, құбырдың сыртқы диаметрі d, қабырға қалыңдығы 2 мм) газ w жылдамдықпен ағады. Газдың орташа температурасы t және қысымы манометр бойынша 2 ат. Барометрлік қысым 740 мм сын.бағ. Газдың массалық және көлемдік шығындарын қалыпты және жұмысшы жағдайларда анықта. Алғашқы деректерді кестеден алыңыз.



Шифрдың
бірінші
саны

Газ

n, дана

d, мм

Шифрдың
екінші
саны

w, м/с

t, °С

1

Сутегі

102

34

1

8,9

20

2

Оттегі

108

38

2

9,1

22

3

Хлор

105

42

3

9,2

24

4

Азот

121

46

4

9,3

26

5

Көміртегі тотығы

128

50

5

9,4

28

6

Көмір қышқыл газы

138

54

6

9,5

30

7

Метан

145

58

7

9,6

32

8

Этан

153

62

8

9,7

34

9

Ауа

160

68

9

9,8

36

0

Бензол

165

72

0

9,9

38





Әдебиет:




негізгі:

1

Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

2

Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии. – М.: ООО ТИД "Альянс", 2004. - 753 с.

3

Дытнерский, Ю.И. Процессы и аппараты химической технологии: Учебник для вузов. В 2-х кн. / Ю.И.Дытнерский. – М.: Химия, 2002. – 400– 368 с

4

Павлов К.Ф. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии: Учебное пособие для вузов / К. Ф. Павлов, П. Г. Романков, А. А. Носков; под ред. П.Г. Романкова. - 14-е изд., стер. - М.: Альянс, 2007. С. 576

5

Основные процессы и аппараты химической технологии: Пособие по проектированию: Учебное пособие для студ. химико-технологических спец. вузов; Допущено Гос. комитетом СССР / Г. С. Борисов [и др.]; под ред. Ю.И. Дытнерского. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Альянс, 2008.- 496 с

6

Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: Колос, 2008. – 760 с.

7

Ешова Ж.Т. Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары: Оқу құралы. – Алматы Қазақ университеті, 2007. – 237б.

8

Ақбердиев Ә.С., Ханқожаев Ш.Х., Омарқұлов П.К. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, 2-ші бөлім, Шымкент, 2004 ж.

9

Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

10

J. F. Richardson and J. H. Harker. Chemical Engineering. V2. Fifth edition. Linacre House, Jordan Hill, Oxford: Butterworth –Heinemann, 2002. – 1183 p.




қосымша:

11

Муравьев И. А. Технология лекарств. Изд. 3-е, перераб. и доп. Т. I, M., «Меди­цина», 1980, 704 с, ил.

12

Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

13

Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

14

Ақбердиев Ә.С., Молдабеков Ш.М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім, Алматы; 1993 ж.

15

Процессы и аппараты химической технологии. Явления переноса, макрокинетика, подобие, моделирование, проектирование. В 5Т. Т1//Под ред. А.М. Кутепова – М.: Логос, 2001

16

Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. «Гидростатика» және «Гидродинамика» тарауларында сұйықтың қайсы заңдары қарастырылады?

  2. Гидростатикалық қысымның қандай қасиеттері бар?

  3. Ыдыс ішіндегі абсолют қысымды қалай анықтайды?

  4. Гидростатиканың негізгі теңдеуі нені өрнектейді?

Тестік тапсырмалар
~Тығыздықты анықтауға арналған теңдеу...болып табылады.
|v = V/m.
|
|h = Cp t.
|U = Cv t.
|c = q/ t.
~Заттың меншікті көлемі...болып табылады.
|
|
|
|
|
~ Заттың кинемаикалық тұтқырлығы...болып табылады.
|
|
|
|
|
~Ньютонның үйкеліс гипотезасын бейнелейтiн теңдеуді көрсетіңіз.
| g
| RJ
|
|F=ma
|
~Үзiлiссiздiк заңы бойынша көлемдік шығынды есептеңіз.
|Q=
|Q=K
|Q=wS
|Q=K
|Q=w/t

1-тақырып: Гидравликалық престегі сығу күшін анықтау.
Мақсаты: Гидравликалық престің құрылысымен және жұмысымен танысу.
Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  • Қысым.

  • Паскальзаңын.

  • Гидравликалық престі.

Студент істей алуға тиіс:

  • Сұйық тығыздығын анықтай білу.

  • Теңдік кезіндегі күштер балансын түзе білу.

  • Қысымның өлшем бірлігін бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыра білу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Гидростатика теңдеуі.

  • Гидравликалық престегі күштер балансы.

  • Паскаль заңын қолдану.

Білім берудің және оқытудың әдістері:
Студенттер гидростатика заңдарын оқуы және гидравликалық прес конструкциясымен танысуы керек. Гидравликалық престе:

  1. Престің негізгі элементтерінің геометриялық өлшемдерін өлше.

  2. Манометр бойынша қысымды анықта.

  3. Үлкен және кіші поршендердің аудандарын анықта.

  4. Кіші поршендегі күшті анықта.

  5. Үлкен поршендегі күшті анықта.

  6. Ұстағыштағы күшті анықта.

  7. Алынған нәтижелерді кестеге енгіз.

  8. Жұмыс бойынша қорытынды жаса.

Құрал – жабдықтар: гидравликалық пресс, манометр, ұзындық өлшегіш.

1. Кесте. Гидравликалық престе өлшенген және есептелінген нәтижелер







Көрсеткіштер

Өлшем бірліктері

Шама

1.

Өлшеу нәтижелері







1.1

ас - q күші моментінің иіні,

м




1.2

ab – Т күші моментінің иіні

м




1.3

Кіші поршен диаметрі d1

м




1.4

Үлкен поршен диаметрі d2

 м




1.5

 Манометр бойынша қысым p

кгс/см2




2.

Есептеу нәтижелері







2.1

Манометр бойынша қысым p

Па




2.2

Кіші поршен ауданы S1

м2




2.3

Үлкен поршен ауданы S2

м2




2.4

Үлкен поршендегі күш Q

Н




2.5

Кіші поршендегі күш T

Н




2.6

Ұстағыштағы күш q

Н




Теориялық мәліметтер.
Гидравликалық пресс гидростатикалық машина болып табылады. Оның жұмыс істеу принципі гидростатиканың негізгі теңдеуімен сипатталуы мүмкін. Паскаль заңы негізінде көптеген гидравликалық машиналар жасалған: күштік цилиндрлер, гидравликалық мультипликаторлар, аккумуляторлар, домкраттар.

1 сурет. Гидравликалық пресс құрылғысының тәсімі.
Гидравликалық пресс (1 сурет) бір бірімен жалғасқан поршендері бар екі цилиндрлерден тұрады: кіші поршен 1 (ауданы S1,) және үлкен поршен 2 (ауданы S2). Кіші поршеннің штогі 3 бар, оған рычаг 4 арқылы q күш беріледі. Санда штокқа, сәйкесінше кіші поршенге, әсер ететін күш:



(1.1)

Мұнда ас - q күші моментінің иіні, м; ab – Т күші моментінің иіні, м. Т күші беттік күш, сондықтан оның туындататын қысымы:



(1.2)

Паскаль заңы бойынша сұйық бетіндегі қысымның өзгеруі сұйық көлемінің барлық нүктелеріндегі абсолют қысымның өзгеруін туындатады. Қысымның өзгеруі сұйық бетіндегі қысымның өзгеруіне тең, егер сұйық тыныштық күйде болса. Былайша айтқанда сұйық бетінде қысым Δр өзгерсе, онда сұйықтың барлық нүктелерінде қысымның өзгеруі Δр болады. Бұл тұжырым мына теңдеумен сипатталады:



(1.3)

Олай болса үлкен поршен астындағы қысым кіші поршен астындағы қысымға тең. Ал үлкен поршен туындататын күш Q мына өрнекпен



(1.4)

Үлкен поршен ауданы S2 кіші поршен ауданынан S1 қанша үлкен болса Q күші Т күшінен сонша үлкен болады:

немесе, күш моментін ескерсек,



(1.5)

Нақты престерде Q күші (1.5) теңдеуімен есептелген күштен аздап кіші болады, себебі күштің бір бөлігі поршен мен цилиндр қабырғасы арасындағы үйкелуге шығындалады. Күштің былай азаюын пайдалы әсер коэффициентін η = 0,8 енгізу арқылы ескереді. Сонда



(1.6)




5

Әдебиет




негізгі:

1

Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

2

Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии. – М.: ООО ТИД "Альянс", 2004. - 753 с.

3

Дытнерский, Ю.И. Процессы и аппараты химической технологии: Учебник для вузов. В 2-х кн. / Ю.И.Дытнерский. – М.: Химия, 2002. – 400– 368 с

4

Павлов К.Ф. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии: Учебное пособие для вузов / К. Ф. Павлов, П. Г. Романков, А. А. Носков; под ред. П.Г. Романкова. - 14-е изд., стер. - М.: Альянс, 2007. С. 576

5

Основные процессы и аппараты химической технологии: Пособие по проектированию: Учебное пособие для студ. химико-технологических спец. вузов; Допущено Гос. комитетом СССР / Г. С. Борисов [и др.]; под ред. Ю.И. Дытнерского. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Альянс, 2008.- 496 с

6

Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: Колос, 2008. – 760 с.

7

Ешова Ж.Т. Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары: Оқу құралы. – Алматы Қазақ университеті, 2007. – 237б.

8

Ақбердиев Ә.С., Ханқожаев Ш.Х., Омарқұлов П.К. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, 2-ші бөлім, Шымкент, 2004 ж.

9

Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

10

J. F. Richardson and J. H. Harker. Chemical Engineering. V2. Fifth edition. Linacre House, Jordan Hill, Oxford: Butterworth –Heinemann, 2002. – 1183 p.




қосымша:

11

Муравьев И. А. Технология лекарств. Изд. 3-е, перераб. и доп. Т. I, M., «Меди­цина», 1980, 704 с, ил.

12

Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

13

Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

14

Ақбердиев Ә.С., Молдабеков Ш.М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім, Алматы; 1993 ж.

15

Процессы и аппараты химической технологии. Явления переноса, макрокинетика, подобие, моделирование, проектирование. В 5Т. Т1//Под ред. А.М. Кутепова – М.: Логос, 2001

16

Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Гидростатика нені оқытады?

  2. Қысым дегеніміз не?

  3. Сұйықтың қысымы қалай анықталады?

  4. Паскаль заңын тұжырымдаңыз.

  5. Гидравликалық пресс дегеніміз не?



Тестік тапсырмалар
1. Гидростатиканың негізгі теңдеуінің мүшелерінің қосындысы ... тең болады.
| геометриялық тегеурінге
| энергия күйлеріне
| толық тегеурінге
| гидростатикалық тегеурінге
| атмосфералық қысымға
2. Ашық резервуардағы еркін бетінің қысымын табыңыз.
| атмосфералық қысым
| манометрлік қысым
| вакуметрлік қысым
| осмотикалық қысым
| абсолюттік қысым
3. Паскаль заңын тұжырымдаңыз.
| пьезометриялық биіктік
| сұйықтың барлық нүктесіне қысым өзгерусіз беріледі
| тегеуріннің жергілікті шығындары
| ұзындық бойынша тегеуріннің шығыны
| геометриялық биіктік
4. Тұтқыр сығылмайтын сұйықтардардың қозғалыс теңдеуі
| Эйлердің дифференциалды қозғалыс теңдеуі
| ағынның үзіліссіздік теңдеуі
| Навье-Стокстың дифференциалды қозғалыс теңдеуі
| Бернуллидің дифференциалды теңдеуі
| гидростатиканың негізгі теңдеуі
5. Гидравликалық пресс көлемі үлкен поршендегі ... ұлғаюына алып келеді.
| қысым күштерінің
| қуатының
| орын ауыстыруының
| алаластыру жылдамдығының
| инерция моментіне
6.Гидравликалық престің іс-қимылының принципіне негізделген заңды атаңыз.
|Архимед заңы
|Ньютон заңы
|Паскаль заңы
|энергияның сақталу заңы
|қозғалу санының заңы
7.Диаметрі гидравликалық престің поршеніне қандай күш түсіру қажет болады, қысымды жасау үшін.
|125,6 Н
|286,4 Н
|573,6 Н
|487,2 Н
|392,5 Н
8.Тікелей престеуге барлығынан жақсырақ көбінесе...кеуекті ұнтақтар ұшырайды.
|бөлшектің өлшемі 0,1-0,5 миллиметрлі
|бөлшектің өлшемі 5-10 миллиметрлі
|бөлшектің өлшемі 0,5-1 миллиметрлі
|бөлшектің өлшемі 15-20 миллиметрлі
|бөлшектің өлшемі 10-50 миллиметрлі
9.Таблеткаларды үш әдіспен жасайды…
|тікелей престеу, құрғақ түйіршіктеуді, ылғалды түйіршіктеуді қолдану арқылы
|титриметрлеу, гравиметрлеу, фотоколориметрлеу
|түйіршіктеу, таблеттеу, стандарттау
|стандарттау, престеу, сусыздандыру
|қалыптау, түйіршіктеу, қопсыту
10.Престеу кезінде бөлшектердің беріктігі...байланысты болады.
|ұнтақтың бөлшектерін мұздату уақытына
|ұнтақтың және түйіршіктің бөлшектерін нығайту сипатына
|жаншуға тұрақтылығына
|уатылу беріктігіне
|сыртқы түріне




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет