Сабақ классификациясы — сабақтарды құрлысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.
Сабақты жіктеу — әрбір пәннің еркшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады.
Бүгінгі педагогикалық зерттеулерде сабақты классификациялаудың ортақ пікірі әлі де толық қалыптаспаған.
8 тақырып. Қазақ тілі пәндері бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ)
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) жалпы білім беру үрдісінің және барлық оқытылатын пәндер мен оқу сабақ түрлерінің мазмұндық қосындысының бір бөлігі болып табылады.
СҒЗЖ мақсаты: студенттердің тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жасау, оқыту принциптері, ғылыми зерттеулер, халықаралық практикаға сәйкес ғылыми-зерттеу принциптерін оқыту, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде СҒЗЖ сапасын арттыру.
Міндеттері:
1) ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға студенттерді баулу;
2) шығармашылық кәсіби ойлау арқылы ғылыми таным әдістерін меңгеру және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) білім беру бірлігін қамтамасыз ету, ғылыми және инновациялық үрдістердің шығармашылық қабілеттілігін дамыту, студенттердің кәсіби-шығармашылық дайындығын жақсарту, ғылыми зерттеу жұмыстарына студент-жастарды жетілдіру нысандарына тарту;
4) студент тұлғасының жан-жақты дамуына көмектесу, өзін-өзі бағалаудың объектівті бағалаға, шығармашылық коллективте жұмыс дағдыларын игеруге, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметке тартуға баулу;
5) заманауи ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге және өз мүмкіндіктерін іске асыруға бағыт беру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыс түрлері:
Оқу-зерттеу жұмыстары (ОЗЖ), оқу жылында орындалатын тікелей пәндерін оқыту кезінде.
Жеке ғылыми зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), факультеттерде орындалатын, студенттердің ғылыми кафедралдық және кафедрааралық қоғамында (СҒҚ), клубтар мен үйірмелерде.
Қолданбалы ғылыми-тәжірибелік қызмет (ҚҒТҚ), орындалатын тікелей пәндерін оқыту кезінде оқу жоспарының құрамында ҰЖО немесе өз бетінше.
СҒЗЖ негізгі ұйымдық-бұқаралық іс-шаралары болып табылады:
– студенттік бизнес-жоба конкурсы;
– ғылыми жұмыстар бойынша байқаулар;
– студенттік ғылыми конференциялар;
–республикалық және университет аралық студенттік ғылыми олимпиада;
– студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі;
–студенттік ғылыми фестивальдар;
–университет аралық, республикалық, халықаралық дебат;
–дөңгелек үстелдер;
–кездесулер, жетекші ғалымдармен және т. Б.
Достарыңызбен бөлісу: |