3. Кітаппен жұмыс әдісі
Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұлқұралдар әрбір сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына негізделіп жасалады. Мұғалім қазақ тіліне арналған материалдардың ерекшеліктерімен бірге оларға байланысты берілетін анықтамалар мен ережелерді оқытып, түрлі жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде іскее асырады.
4. Көрнекілік әдіс
Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде, тақырыптық, талапқа сай жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді. Көрнекіліктің түрлері көп. Оны сабақтың мазмұнына қарай, мұғалім басшылығымен жүзеге асырылып отырады. Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын көрнекіліктер: схемалар, кестелер, картина, табиғат суреттері, техникалық құралдар, т.б.
Қазақ тіліне арналған кестелер: фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер. Кестелер бір тақырыпқа арналған, не жинақтау түрінде болуы мүмкін.
5. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
Мектептерде техникалық құралдарды оқу-тәрбие жұмысына енгізу 1960-70 жылдары басталды.
Соңғы кезде біздің елімізде сабақта жаңа технологиямен жұмыс істеу - мысалы, компьютермен жұмыс істеу де қолға алынуда.
Қазақ тілі сабағы бойынша сабақта техникалық құралдарды пайдалану жолдарын Б.Құлмағамбетова зерттеп, құнды пікір айтты: "...техникалық кұралдарды пайдаланып өткізген сабақта оқушылар жалықпай тыңдаған жаңа оқу материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері /көру, есту, т.б,/ қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, түсіндірілген материал¬дардың бәрін қабылдауға мүмкіндік туғызады", - деді. /Б.Құлмағамбетова "Қазақ тілі" сабағында техникалық құралдарды пайдалану, 1975/.
сабағындапайдалана отырып оқыту мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды білім алуға қызықтыра түседі.
Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді.
|
Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар.
Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады:
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:
— үздіксіз білім беру;
— барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;
— жалпы орта білімнің тегіндігі;
— орта білім нің міндеттілігі.
Standart (ағылшын)– норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.
Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Мемлекеттік білім беру стандартының атқаратын функциялары:
— азаматтардың толық мәнді білім алу құқығын қамтамасыз ету;
— республика деңгейінде білім беру кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу мекемесінің типіне қарамастан барлық оқушылардың ортақ негізгі білім көлемін меңгеруін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |