Жоғарғы оқу орындарында өтетін дебат студенттердің дамуы мен білімі, қоғамдағы орны үшін қолдануға арналған, сондықтан оны оқу үрдісіндегі студенттер арасындағы немесе оқытушы мен студент арасындағы жарысқа, айтысқа айналдырмау керек. Бұл ойында қатысушылардың құқығы бірдей болады. Қатысушыларға өз білімдерін көрсетуге, тәжірибе ауысуға болады. Дебат тіл жетілдірудің дамуын қамтамасыз ететін педаогикалық әсер ету тәсілі, бірақ, ол үшін сабақтың тақырыбы дебат жасауға лайық болуы қажет. Тақырып таңдаған кезде төмендегілерді есте сақтау керек:
Жақтаушы жақ өзі ұстанған көзқарасын нақты фактіге негізделген мықты біліммен, шешендігімен мойындатса ғана жеңеді. Қарсылас жақ жақтаушылардың ұстанымдарының дұрыс еместігі мен аргументтерінің кемшіліктерін дәлелдеуі қажет. Дебат технологиясының артықшылығы – осы. Егер біз «Халық медицинасы» деген тақырыпты дебат ойынының қарары етіп алсақ, ойынның шарты бойынша критерий құрамыз. Ойынға қатысушылар топқа бөлініп, екі критерий бойынша дайындалады.
Критерий: Халық медицинасының адам денсаулығы үшін пайдасынан зияны көп.
Аргумент. Арнайы медициналық білімі жоқ адамдар айналысады.
Аргумент. Хируриялық ауруларды емдей алмайды.
Аргумент. Олардың ем-домдары уақытша ғана әсер етеді.
Осы аргументтерге мысалдар келтіре отырып (газет-журнал материалдарын пайдаланып), халық медицинасының әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданбай, уақытша табыс көзі етіп жүрген «емшілердің» кесірінен халық медицинасы туралы қоғамда пайда болған көзқарастар жайында сөз қозғайды.
Критерий: Халық медицинасының адам денсаулығы үшін пайдасы зор.