Сабақ Тақырыбы: Шахмат ойынының негізгі ережелерімен танысу сабағы



Дата19.02.2017
өлшемі355,8 Kb.
Ембі қаласы №1 орта мектеп

Ашық сабақ



Тақырыбы: Шахмат ойынының негізгі ережелерімен танысу сабағы.

4 «а»сыныбы


Дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Бекешова Жанар Кудайбергеновна

2013 – 2014 оқу жылы
Тақырыбы: Шахмат ойынының негізгі ережелерімен танысу сабағы.
Мақсаты:

Шахмат ойынының шығу тарихынан мәлімет беру; шахмат ойынының тақтасының құрылымы, таңбалануы туралы білім бер; тастарының атаулары, олардың орналасуымен таныстыру.

Ойын ережесінен алғашқы мәлімет беру.

Шахмат ойынына деген қызығушылық тудыру.

Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін арттыру.

Әдісі:Баяндау, көрнекілікпен жұмыс, интеллектуалдық ойындар.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, шахмат тақтасы, тастары, шахмат ойынының әр кездегі чемпиондарының суреттері, сөзжұмбақ, ойын атрибуттары.
Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қымбатты оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шахмат ойынының негізгі ережелері». Біз білетін тоғыз құмалақ, дойбы ойындары сияқты бұл ойын - үстелде бір орында отырып екі қарсылас арасында ойналатын ойын. Әлемде бұл ойын жөнінде «патшалар ойыны» деп өте жоғары баға берілген. Себебі шахмат ойынымен айналысу үшін математикалық, логикалық жоғары деңгейдегі біліктілік қажет. Кейбір елдерде, мысалы: Арменияда шахмат математика пәнінен кейін маңызы жағынан екінші пән ретінде міндетті түрде мектеп бағдарламасына енгізілген.


Жаңа тақырып:

Интерактивтік тақтада шахмат тақтасы, шахмат тастарының суреттері, жеке-жеке слайд.

Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді.

Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады.

Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады.

Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады:

бір патша,

бір уәзір,

екі піл,

екі ат,

екі тура және



сегіз пешка.

Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Бастапқы жайғасым: бірінші қатар: тура, ат, піл, уәзір, патша, піл, ат, тура; екінші қатар: пешкалар



Шахмат тастарының жүрістері:
Патша – ең маңызды тас. Патша «өлді» – ойын аяқталды. Ойын мақсаты – қарсыластың патшасына мат қою (мүмкінсіздік жағдайында қалдыру). Патша кез-келген көрші алаңқайға жүре алады және тек бір қадам жасай алады.

Уәзір – ең мықты тас. Уәзір барлық бағытта және қалағанынша қадам жасай алады.



Тура – уәзірден кейінгі ең мықты тас. Ол вертикаль және гаризонталь бағыттарда жүреді.



Ат «Г» әріпін жасап жүреді, күші пілмен теңдес бірақ олар екеуі де турадан әлсіз.



Ат - өз жақтастар және қарсыластары үстінен аттап өте алатын бірден – бір тас.

Піл. Ақ шаршыдағы піл ақ шаршы бойымен, қара шаршыдағы піл қара шаршы бойымен диагонал бойынша жылжып отырады.



Пешка. Ойын басында екі адым ілгерілей алады, одан кейін бір – ақ қадам ілгері жылжып отырады. Ойын басында бір адым бастаса да, сол бір адыммен жылжиды. Пешка өз лагерінен соңғы 8 – ші шаршыға жете алса, патшадан басқа кез-келген өзі түстес таспен ауыстырылады.



Ойындағы жеу әдістері: Жүру жолында өзі түстес тас тұрса – жол жабық! Жолында қарсылас тасы болса орын басу арқылы жеуге болады, алайда жеу міндет емес. Тек пешка тіке жүргенмен қиғаш бағытта жейді.



Қортынды: «О, бақытты!» ойыны, сөзжұмбақ «Шахмат», «Шахмат көш басшысы» ойындары арқылы оқушылар білімін бекіту, ойынға қызығушылығын ояту.

Шахмат ойыны бойынша:



Не білдім?

Не білгім келеді?



















Бұл таблица көмегімен мұғалім сабақ нәтижесін белгілеп, «білгім келеді» бағаны бойынша үйге тапсырма бере алады.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет