Тақырыбы: Бизнес және мен: ақша уақыт тынысы



Дата17.05.2020
өлшемі17,36 Kb.
#69073
Байланысты:
Ақша уақыт тынысы тс



ҮЛГІ:

Тақырыбы: Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы



Мақсаты: білімділік – ұлттық валютамыз теңгенің шығу тарихына, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру;
Тәрбиелік – оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отаны Қазақстанға мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар, мақал – мәтелдер.

Ұйымдастыру

Жайлы атмосфера орнату.      

  3 мин


Оқушылармен сәлемдесу.

Қазақстан Республикасының гимні орындалады

Жылы лебіздер айту                     

Топқа бөлу

  3 мин

Шаттық шеңбері бойынша 4 топқа бөлініп отырады.

Мұғалім сөзі

  5 мин


Саламатыздарма құрметті оқушылар!

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.  2018 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыздың 25 жылдығын атап өтеміз.


Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.

Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі

Үй тапсырмасына теңгенің шығу тарихы туралы оқып келу болатын.Сол бойынша оқушылар теңгенің шығу тарихы туралы мәліметтерімен бөліседі

 «Миға шабуыл»

  5 мин

Кез келген адам қаржы жағынан сауатты болу қажет. Қазіргі заманда теледидардан ақша табудың оңай жолдары бар. Мысалы «Милион кімге бұйырады», «лотерея ұтыстары» , «лездік табыстар» және т.б.

Ақшаны үнемдеу керек, дұрыс жұмсау қажет.

Тірек сызбасы арқылы оқушылар сызбаны толтырады



Әр адам ақшаға барлық нәрселерді сатып алуға болмайтынын білу керек

 Ақшаға дәрі сатып алуға болады.... бірақ (денсаулықты емес)


ақшаға сағат сатып алуға болады…бірақ (уақытты емес)
ақшаға кітапты сатып алуға болады… (бірақ даналықты емес)

Ақшаға уақытша достар сатып алуға болады… (нағыз досты сатып алуға болмайды)


ақшаға қоғамдағы орнын сатып алуға болады… (бірақ халықтың құрметін емес)
за деньги можно купить телохранителя ..... (но не друга)
ақшаға ойын сауықтарды сатып алуға болады… (бірақ бақытты емес)

Сондықтан балалар ақшаны дұрыс жұмсай білу қажет

Танысу

15 мин


Бүгін бізде қонақта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджеріИсаков Сабыржан ағамыз келіп отыр. Сабыржан оқушыларға өз саласының маманы ретінде ақша және бизнес жайлы мағлұмат беріп, топтық тапсырмалар береді.

Рефлексия 

  5 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Қорытынды

4 мин


Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.

\

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет