Ерекше өндіріс бойынша істерді қарастырудың тәртібі. Ерекше жүргізілетін істерді осы кодекстің 31-38 тарауларында белгіленген алыныстармен ж-е толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарйды.
Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға осы Кодекстің 150,151-баптарында көзделген талаптарды сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот ісі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.
Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады., ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.