1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі



бет47/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі. Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру, құрал-әдістерін толық қамтиды. Екінші жағынан, өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтік реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.
Адамның өмір сүруінің негізгі шарттары –еңбек, бұл- адамзат қоғамының негізгі тіршілік ету формасы. Табиғаттың сыртқы келбетін қайта өзгерте отырып, адам өзінің де ішкі табиғатын қайта жасады. Табиғаттың сыртқы пішінін өзгерту бірінші кезекте заттарды адамның қажеттіліктеріне икемдеуден басталды. Адам еңбегінің бастаулары мен пайда болуы еңбек құралдарының өндіріс заттары болуында жатыр (К. Маркс).
Еңбек мынадай қарапайым сәттерден тұрады: 1) мақсатты қызмет, немесе еңбектің өзі; 2) еңбек мәні; 3) еңбек құралдары; 4) еңбек нәтижесі.
Еңбек табиғатты қайта түрлендіру ретінде оның қарапайым сәттері дайын күйінде берілмей, өздігінен еңбек арқылы жасалған кезде ғана жетіледі. Бұдан шығатын қорытынды, адам еңбегі белгілі бір қоғамдық топтардың шеңберінде жүретін саналы және мақсатты қызметті білдіреді. Еңбек-жүзеге асу процесінде қоғамдық мәні бар белгілі бір материалдық және рухани құндылықтар жасалатын қызмет. Еңбек қоғамдық сипатқа ие болады. Әрбір адам өзіне ғана пайдалы емес, басқалар үшін де пайдалы нақты формада жасайды. Өз кезегінде ол өзінің жеке қажеттіліктерін өнімдермен басқа адамдардың еңбегі өзіне ғана емес, сонымен бірге басқаларға да арналған нақты еңбегі кірігіп кететін формада қамтамасыз етеді. Қоғамдық еңбектің құрылымы мыналарды құрайды:
1.Өндірістік күштер, бұған жекелік элементтер, яғни еңбектің өзі (ойлап табуды және орындаудан тұрады) және заттық құрамдас бөліктер (еңбек мәні мен еңбек құралдары) кіреді.
2. Мақсат. Еңбек мақсатты қызмет болып табылатындықтан, қоғамдық еңбек құрылымы міндетті түрде мақсаттың жалғастырушылары болып табылатын (мақсаттың жалғастырушылары арқашан еңбекті жасаған адам болып табылады) элементтерден тұрады.
Маңызды категориялардың біріне қоғамдық еңбек функциясы жатады. Функция (лат. Function-жасау, орындау)- бұл құбылыстың қолданыстағы мәні.
Қоғамдық еңбектің функция мен құрылымы еңбектің біртұтас мәнінің әр түрлі аспектілерін көрсетеді:
1) еңбек адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілі ретінде (бұл адамның қоғамдық тұрмысы басталатын еңбектің бірінші және маңызды функциясы);
2) еңбек қоғамдық байлықты жасаушы ретінде (адам сол арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз ішінде және табиғатпен зат алмасуды реттеуге және бақылауға бағытталған қызмет);
3) еңбек қоғамды тудырушы және қоғамдық прогресс факторы ретінде (адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра және байлықты жасай отыра еңбек барлық қоғамдық дамудың негізі болады);
4) еңбек адамның жасаушысы ретінде (адамзат тұрмысының құндылықтарын жасай отырып, қоғамдық даму субъектісі ретінде еңбекте жалпы қоғамның өзі дами отырып, адам өзін-өзі дамытады);
5) еңбек адамзатқа еркіндік жолын беруші күш ретінде (адамдарға өздерінің әрекеттерінің алдын ала барынша қашықтағы табиғи және қоғамдық салдарын ескеруге мүмкіндік беруші, бұл функция барлық алдыңғыларды түсіндіреді, міне, тап осы еңбекте қоғам еңбек арқылы өздерінің даму заңдылықтарын және табиғат заңдылықтарын танып біледі; сондықтан басқа функциялар еңбек функциясын «дайындағандай болады» және еркін шығармашылық функциясын жүзеге асырады, бұл –адам дамуының шексіз функциясы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет