Табиғи ресурстар – табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері.
Географиялық орта - адам қоғамын қоршаған жер бөлігі; географиялық қабықтың адам белгілі бір дорежеде игеріп, қоғамдық өндірісте пайдаланып жүрген бөлігі; адам қоғамының өмір сүруінің материалдық негізін құрайтын табиғи және антропогендік құрамбөліктердің құрылымдық және кеңістіктік жағынан күрделі үйлесімі.