1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі


Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері



бет72/90
Дата07.02.2022
өлшемі2,84 Mb.
#90961
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90
Байланысты:
ЭТН о у- дістемелік жиынты

Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

Экономикалық өсу экономиканың бip қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық пpогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критерийі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа құбылыс сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндipic пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтынулар өндipicтi ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзi жаңа тұтынуларды қалыптастырады — сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндipic дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынуды дәріптеу экономикалық тұтынулары да өcіп отырады. Олардың тұтынуларын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз eтyi қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Ceбeбi материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.


Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мыналармен байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірісті интенсифтендіру негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни роботтехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері);
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және тоғандарға қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін енгізуді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді.
Экономикалық өсудің қайнар көзі - экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің келісімін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі - экономикалық саясат. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі каржы) болады. Бүгін салынған каржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтеруге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтынымдары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критерийі болмақ.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет