10 - ТАҚЫРЫП. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІ (1 сағат) Жоспары:
1. Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесі жєне олардың өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық негізімен байланысы
2. Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау механизімі және ауылшаруашылығы салаларын дамыту алғышарттарын ғылыми негіздеу
3. Жерді пайдаланудың экономикалық жєне экологиялық тиімділігін жоғарылатудағы мемлекеттік және ұлттық мүдделер
4. Қазақстан Республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар.
1. Қазақстан агроөренкәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі.
Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті соттардың және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрлі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайға жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өненркәсіпті шикізатпен толық қамтамысыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді.
2. Нарықтық экономика жағдайында республикамыздың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тиянақты ойластырылған, мемлекеттік қолдауға негізделген аграрлық саясат қажет, ал мұндай қолдаудың түрі мен көлемі әр кезеңнің ерекшелігіне қарай анықталады. Экономиканың аграрлық секторында реттеудің тек қана нарықтық әдістерін қолдану ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық базаның, өнім өткізу нарығы мен инфрақұрылымының өте әлсіз жағдайында көптеген кәсіпорындардың күйреуіне алып келеді.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекет жер қатынастарын реттеу құралдары мен іске асатын әртүрлі дәрежедегі түрлері, жер ресурстарын пайдалануда билік етіп, бақылап отырады.