1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)



бет1/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ЭМР дәріс
Силлабус Философия 2022каз скан, Ұлпан. Ғабит Мүсірепов 2

1 - ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
(1 сағат)
Жоспары:
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі мен мәні.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәніне меркантелистік, либералистік, неоклассикалық, монетарлық көзқарастар.
3. Кейнстік жүйедегі мемлекет және нарық.
4.Экономикалық өсу концепциясы.
5. ЭМР объектілері және субъектілері


1. Экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің әлеуметтік шаруашылық процестерге, олардың тиімді теңестірілуі мен макроэкономикалық тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында әкімшілік экономикалық және ұйымдастырушылық – құқықтық формаларында араласуын бейнелейді.
Экономиканың мемлекеттік реттеуінің обьективті қажеттілігі келесі жағдайларда туындайды:

  • нарықтық механизмге кіретін нарықтың тепе-теңдікті орнықтыру тенденциясы сол тепе-теңдікті жиі-жиі бұзу арқылы іске асырылады, әсіресе жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным арасындағы тепе – теңдік.

  • нарықтық жүйенің өзінің ішінде оның басты түрткісі болып табылатын бәсеке күресін әлсіздендіру процесі де болып тұрады.

  • нарықтық механизм жалпы шектеулі ресурстарды тиімді бөледі, бірақ бұл жағдайдың өзі де белгілі-бір игіліктерді өндіру мен тұтынудан туындайтын барлық пайданы немесе шығындарды есепке алынып, бағада көрініс тапқан жағдайда ғана мүмкін болады.

2. Экономикадағы мемлекеттің орны мен роліне көзқарастардың пайда болуы экономика ғылымының қалыптасуымен тікелей байланысты. ХV-XVII ғ.ғ. капиталдың алғашқы қолрлаануы кезінде меркантилизм мектебінің өкілдері мемлекеттің белсенді экономикалық саясатының қажеттілігін негіздейді.
Ерте меркантилизм теориясы мемлекетке ақшаны елден шығармауға бағыттайтын келесідей шаралар жүйесін іске асыруды ұсынды:
1. Шетелге ақшаны шығаруға тиым салу.
2. Валютаны сатуға мемлекеттік монополияны енгізу.
3. Шетелдік тауарларды сату үшін «қоймалық орын» құру (түскен ақшаға сол жерден шикізат сатып алу).
Кеш меркантелистер мемлекеттің экономикалық саясатын сауда саласына ауыстырудың қажет екенін негіздейді. Маңызды міндетке активті сауда балансы жүйесін қалыптастыру қажет деп есептеді. Кеш меркантелистерді жақтаушылардың пікірінше, мемлекет баюы үшін елден шығарылған тауарлардың құнын елге келіп жатқан тауарлардың құнының айырмашылығынан көп болуы қажет. Берілген теорияға сәйкес келесілерді іске асыру керек:
1. Ақшаны елден шығаруға тиым салуды алу;
2. Активті тауар сальдосын иемдену; (импортты экспортты көп болуы). Осыдан мемлекет тарапынан сыртқы сауданың дамуына ықпал етудің қажеттілігі және саудаға шығарылатын өкілдерді өндіретін салаларға қатысты қолдау шаралардың іске асырудың қажеттілігі туындады:
- кедендік шаралар жүйесі іске асырылды отандық тауар өндірістерді шетелдік тауарлардан қорғауды.
- сонымен қатар шетелге шығаратын шикізаттарға жоғарғы кеден салық салу іске асырылды.
- кейбір отандық тауарларға ынталандыру сыйақы беру.
3. Кейнстік теория бойынша жиынтық сұраныс мәселесін шешу үшін инвестициялық сұраныстарға көңіл бөлуі қажет. Экономикадағы инвестиция деңгейі анықтайтын маңызды факторлардың ішінде Кейнс нарқын ерекше бағалады. Қарыз нарқының өсуі жоспарлаған инвестиция деңгейі төмендеуіне әкеледі, ал ол өз кезеңінде өндіріс деңгейі төмендетіп, жұмыссыздықтың болуына әкеледі.
Кейнс бойынша мемлекет ақша-несие саясатын ұстана отырып, қарыз нарқына әсер ете алады. Ал бұл өз кезеңінде инвестиция деңгейінің жоғары ықпал етеді. Бірақ Кейнс және оның ізбасарлары бюджет салық саясатын экономикаға әсер етудің ең тиімді әдісі деп атаған.
Кейнсиандықтардың ойынша, экономикалық циклға қарсы реттеуінің басты бағыты - бұл инвестицияға әсер ету.
Ал оның негізгі құрамдас бөлігі болып мемлекеттің бюджеттік шығындарына өзгеріс енгізуі мен салық нарқын реттеу саясаты саналады.
4. Батыста экономикалық өсу концепциясы үлкен қызыушылықты туындатты экономикалық өсудің Хард-Домарг үлгісінде экономиаканы өзара байланысты жүйе түрінде сипаттау тән. Ол өз құрамына өндірістік функцияның қарапайым түрін өнімді тұтыну мен инвестицияға бөлетін теңдікті қосады. Берілген жағдайда инвестиция экономикалық өсудің басты түсініктемесі ретінде көрінеді.
5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьектісіне: нарықтық механизм қанағатсыз немесе тіпті қамтамасыз етпейтін қоғамдық ұдайы өндіріс саласында орын алатын жағдайлар, процестер және қарым-қатынастар жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің субьектісі ретінде мемлекет және ҚР Конституциясы мен Заңдарының негізгі қызмет ететін оның институттарын айтамыз. Сонымен экономиканы реттеуші мемлекеттік субъектілерге ең алдымен мемлекеттің өзін, сосын мемлекттік заң шығарушы, атқарушы және жергілікті мемелекттік органдарды, олардың институттарын жатқызамыз.


Бекіту сұрақтары:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегенімізге анықтама беріңіз.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәніне меркантелистік, либералистік, неоклассикалық, монетарлық көзқарастарға жеке жеке тоқталыңыз.
3. ЭМР объектілеріне не жатады?
4. ЭМР субъектілеріне не жатады?


Әдебиет:
(8,9,10,11,12,13,14)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет