1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)


- ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІС



бет23/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ЭМР дәріс
Силлабус Философия 2022каз скан, Ұлпан. Ғабит Мүсірепов 2
14 - ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІСӘРЕКЕТІ
(2 сағат)
Жоспары:
1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік және экономикалық маңызы.
2. Қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету шаралары және ресурстарды үнемдеуді ынталандыру жолдары.
3. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының мәні.
4. Еркін сауда және протекционизм саясаттары.
5. Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің басымдылықтары мен болашағы.


1. Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне׃ атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластанудан сақтауға көңіл бөлу ең қажетті факторға айналды. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтарды залалсыздандыру жолындағы күрес пен іс-әрекеттердің маңызы зор. Бұл жайлар бір елді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатуда. Сондықтан, әрбір өңірде экологиялық талаптардың қатаң сақталуына соншалықты жанашырлықпен қарап, берік тәртіптерге бағынған жүйемен оны жүзеге асыру керек. Экологиялық сауықтыру бүкіл адам баласына ортақ міндеттер жүктейді.
2. Кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын маңызды факторларға қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдалануы жатқызылады. Өйткені табиғи ресурстарды үнемді пайдалана отырып өндірісті тиімді ұйымдастыруға және қоршаған ортаны қорғауға болады. Сондықтан да мемлекет табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға көңіл бөледі.
Сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық және әкімшілік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
3. Мемлекет сыртқы сауда операцияларын реттей отырып, ұлттық экономиканың дамуы үшін барынша ыңғайлы жағдай жасау мақсатын көздейді.
Мемлекет сыртқы экономикалық қарым қатынастарда дипломатиялық ғылыми техникалық және мәдени байланыстарды орнатуды көздейді. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеудің төмендегідей мақсаттарға негізделеді:
1. Мемлекет өндірісті, тауарлар қозғалысын, көлемдер мен табыстар, еңбекке қабілетін тұрғындарды жұмыспен қамту саясатын сыртқы экономикалық байланыстарға негіздеу керек.
2. Болашақта шет елдермен әр түрлі экономикалық интерацияларды орнатуларды мақсат етуі тиіс.
3. Мемлекеттік ішкі және сыртқы мүддесіне қызмет ететін отандық кәсіпорындарын сыртқы нарыққа шығуына жағдай жасау керек.
4. Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау.
Көптеген елдер үшін еркін сауда саясаты тиімді. Бұл жағдайда мемлекет сыртқы саудаға тікелей араласпай, оның сұраным мен ұсынымның әсер етуі арқылы дамуына жол береді. Еркін сауда жасаушы елдің әрқайсысының өнім шығару көлемін, сонымен қатар саудадан табысын өсіруге ықпал етеді.
5. ҚР-ң Конституциясының 40 бабына сәйкес ҚР ел басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын негізгі бағыттарын айқындайтын ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ел лауазымды жоғары тұлға. Берілген конституцияға сәйкес еліміздің президентіне сыртқы саясаты іске асыруда келесідей өкілеттіктер берілген:

  • Келісімдер жүргізіп, халықаралық келісімдерге қол қояды.

  • Бекітілген халықаралық келісім шарттарды парламентке ұсынады

  • ҚР-ң дипломатиялық өкілетілігінің басшыларын тағайындайды және кері қайтарып береді.



Бекіту сұрақтары:
1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік және экономикалық маңызына тоқталыңыз.
2. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің мәнін ашып көрсетіңз.
3. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеудің қандай мақсаттары бар?
4. Еркін сауда және протекционизм саясаттарын салыстырмалыталдаңыз.
5. Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің басымдылықтары мен болашағына тоқталыңыз.


Әдебиет:
(8,9,10,11,12,13,14)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет