11 - ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ ҚАРЖЫ-БЮДЖЕТТІК ӘДІСТЕРІ (1 сағат) Жоспары:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржылық механизімдері және мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру жағдайлары.
2. ҚР салық салу саясаты, оны реформалау жолдары
3. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері мен әдістері. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздар және оларды қайтару бойынша шаралар.
4. Мемлекеттің салық салуды ұйымдастыру және бюджетке салық түсімдерін көбейтуге байланысты шараларының жиынтығы.
5. Қазақстан Республикасының бюжет жүйесі.
1. Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі,кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетке — қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар,сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Фискальдық саясат жиынтық сұранысты өзгерту үшін мемлекеттік шығындар мен салық жүйесі арқылы ықпал етуді қамтитын бюджеттік саясаты. Фискалдық саясат дискрециондық емес және дискрециондық болып екіге бөлінеді.
2. Салық төлеушілер үшін салық жүйесі үш бес жыл арасында тұрақты болуы аса манызды. Тұрақсыз экономика жағдайда салық жүйесі тұрақты болуы мүмкін емес.
Әсіресе ЖҰӨ нің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді болғанда салық жүйесін тұрақтандыру қиынға соғады.
Республикамыздың салық саясаты екі басымдылықты иемденеді.
Бюджеттік процестерді реттеу бюджет саясаты арқылы бюджеттік тепе тендікке қол жеткізу (мемлекеттік бюджеттін жеке баптарын қысқарту)
Экономиканы реттеу. Қаржы тетіктерінің көмегімен табыс ала отырып шығындарды іске асыру.
3. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан мемлекеттік бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.
4. Бюджет тапшылығын жою әдістері:
Ақша белгілерін шығару.
Мемлекеттік қарыздар.
Шетелдік қарыздар.
Ұлттық байлықты пайдалану.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді:
Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет.
Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.
Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы эконмоиканы теңгеру болып табылады
5. Әлемде нарықтық қатынастардың бұлжымастығын шайқалтқан қаржы дағдарысы олардың даму стратегиясына жаңаша ой жүгіртуге, мемлекеттік басқару тетіктерін қайта қарауға және нарық қатынастарына сын тұрғысынан зер салуға мәжбүр етті.
Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үстіміздегі жылдың 6 наурызындағы кезекті Жолдауы осының негізін қалады. Мұнда Мемлекет басшысы экономикалық құлдырау кезеңіндегі одан әрі дамудың негізгі бағыттарын айқындап берді.
Бұл нақтылау үстіміздегі жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауының және қазақстандық экспорт бойынша энергетикалық және минералды ресурстарға сұраныстың төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануын ескере отырып жасалды.
Бекіту сұрақтары: 1. Қаржылық реттеу түсінігі мен мемлекеттің фискальдық саясатын жүзеге асыру жағдайларына тоқталыңыз.
2. Фискальдық саясаттың қандай түрлерін білесіз?
3. ҚР-ғы салық салу саясатының басымдылықтарын атап өтіңіз.
4. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың қандай көздері мен әдістері бар?