Арзан ақша саясаты. Егер елдің экономикасында жұмыссыздық орын алып пайдалынылмай отырған өндіріс қуаттары көбейсе, орталық банк арзан ақша саясатын қолданады. Ол үшін орталық банк:
1. Ашық нарықтық операцияларды іске асырып тұрғындардан мемлекеттін құны қағаздарды сатып алады.
2. Комерциялық банктердің міндетті резервтер нормасын төмендетеді.
3. Есеп нарқан азайтады.
Қымбат ақша саясаты инфляция жағдайында іске асырылады. Берілген жағдайда орталық банк.
Ашық нарықтағы операцияларды іске асырып, тұрғындарға мемлекеттік құнды қағаздарды сатады.
Комерциялық банктердің міндетті резервтер нормасын жоғарлатады.
Есеп нарқын өсіреді.
3. Барлық нарықтық экономикалық елдерде екі деңгейлі банк жүйесі бекітілген. Ол Орталық (федералдық, ұлттық) банк, жергілікті орындарда бөлімшелерімен және коммерциялық банктер жүйесі.
Ұлттық банк-ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне-банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.