12 - ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МЕХАНИЗМДЕРІ (1 сағат) Жоспары:
1. Мемлекеттің ақша-несие саясатын қалыптастыруының негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2. Ақша-несиелік реттеудің негізгі құралдары.
3. Банк жүйесі қызметін мемлекеттік реттеу.
4. Қазақстан Республикасындағы экономиканы ақша-несиелік реттеу механизімінің ерекшелігі.
1. Фискалдық саясатпен қатар мемлекеттің ақша-несие (монетарлық) саясатын қолданылады. Егер фискалдық саясат өзінің мәнісі бойынша қаржы – бюджеттік саясат болса, монетарлық реттеу ақша саясаты деп аталады немесе мемлекеттің ақша жүйесіне ықпал ету саясаты. Сондықтан, монетарлық реттеу ақша және ақша қатынастарын реттеу арқылы елдегі экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру болып табылады. Ол ақша айналысын бағаларға және ақшаның өзіне ықпал ету арқылы реттейді.
Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудін қалыпты құралдары пайдаланылады:
Ашық нарықтағы операциялар
Міндетті төлемдер мен есеп нарқының нормаларын өзгерту.
2. Ақша-несиелік реттеудің құралдары мен әдістері түрліше. Олардың қатарында: дисконтты әдіс, кепілдік саясат, міндетті резервтер саясаты, валюта саясаты, т.б.
Экономикалық жағдайларға байланысты орталық банк арзан және қымбат ақша саясатын іске асырады.