Тақырыбы: Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері



бет1/7
Дата12.10.2023
өлшемі4,57 Mb.
#184868
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4созж

Тұтас педагогикалық процесс мəселесі бойынша библиография

  • Оқыту мен тәрбие процесін ажырамас бірлікте қарастыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.
  • «Педагогикалық процес» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы Петр Федорович Каптерев енгізді.
  • «Педагогикалық процес - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғанын жан-жакты жетілуі».
  • Ол педагогикалық процес пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық процесті тұлғаның жан-жақты жетілу процесі ретінде карастырды.
  • П.Ф. Каптерев педагогикалық процесті әтүрлі кырлар мен құралдардан тұратын біртұтас қүбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезендері болатынын атап көрсетті
  • XX ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников).
  • Біршама кейін педагогикалык процестің құрамдас бөлігі оқыту процесі зандылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті.
  • XX ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық процес заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғапымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
  • М.А. Данилов «Педагогикалық процес - көптеген процестердің ішкі байланыскан жиынтығы, оның мәні тәрбие аркылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді.
  • Педагогикалык процестің негізгі сипаттамасы оның бір түтастығында.
  • Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылык, тәрбиелік.
  • Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігі мен нақты оқу-тәрбие процесінің барысымен сипатталады.

Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педагогика» оқулығында педагогикалық процес кандай да біртұтас қасиеттерімен сипатталады:
  • тәрбие, білім беру, окыту, дамыту процестерін өзара органикалық бірлікте қарастырады
  • оқыту мен тәрбие әдістерінін бірін- бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі - тұлғаның бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлауынын дамуына бағытталған тұжырымдаманы мектептегі педагогикалык процесте жүзеге асыру;
  • педагогикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға біріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып дамуында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтастығын қамтамасыз ететін зандылықтары мен ұстанымдары тән», - деген тұжырым жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет