Пән: «Педагогика» Мерзімі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата23.05.2022
өлшемі366,98 Kb.
#144746
  1   2
Байланысты:
Педагогика, №6, 6 семестр
Applikatciya Metodika Kaz 6 let(1).DOCX, План 130 - 2 сабак 07.11.2023


Пән: «Педагогика» 
Мерзімі: 
26.03.22 
(21.03.22 үшін)
 
Оқытушы: 
Самарханова Н.Н.
 
e-mail: 
nurgul.samarkhanova@mail.ru
 
 

Тақырыбы. Оқыту принциптері мен заңдылықтары 
 
 
Оқыту принциптері 
 
 
 
1. Оқыту зандылықтары 
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар 
мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды. 
Оқыту процесінің заңдылықтары: 
1. Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның 
мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының ӛзгеруі, жаңаруы 
занды процесс. 
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі. 
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу 
үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне 
сүйену керек. 
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің 
бӛліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім 
мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Окыту оқушының белсенді іс-
әрекеті арқылы жүреді. Кез кел¬ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім 
мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады. 


5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады. 
2. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Принцип—латын сӛзі, 
қазақша негіз деген сӛз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың 
жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді 
оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын 
талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім ӛз еңбегінде жақсы 
табыстарға жетеді. 
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол 
адам табиғаттың бір бӛлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам 
тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның 
пікірінше, оқытудың ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. 
И.Г.Песталоцци оқытудың кӛрнекілік принципін ерекше бағалап, оны 
логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский 
оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін 
психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ 
мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану 
керектігін айтқан. 
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен 
мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сӛзіне анықтама берілді: 
мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой. 
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың ӛмірмен және 
қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; 
оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес 
болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жүмыстың жүйелілігі, 
шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының 
ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың 
тұғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп 
тұжырымдалады. 
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; 
білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін 
оқыту; оқьггу әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі. 
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудың саналылығы және 
белсенділігі; оқытудың кӛрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым негіздерін 
берік меңгеру. 
Талданған оқытудың принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім 
беруге бағытталды. 
Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А. Данилов, 
М.Н.Скаткин зерттеді. 
Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабиров, т.б. 
оқыту принциптерінің шарттарын анықтады. 
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, кӛрнекілік, жүйелілік, 
бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі 
сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары 
мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады. 
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым 
жетістіктеріне, ӛмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. 


Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары 
ережелер арқылы жүзеге асады. 
3. Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз--құбылыстық 
мәніне ӛту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. 
Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, кӛбеюін, зат 
алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған 
білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін 
пәнаралық байланыстарды қолдану керек. 
Шарттары: 
• педагогиканың, психологияның, озық тәжірибенің жетістіктерін 
қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға 
берілген нұсқауларды орындау; 
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану; 
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау; 
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, 
шығармашылық жұмыспен айналыстыру; 
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу; 
• оқушыларды кӛрнекті ғалымдардың ӛмірі және қызметімен 
таныстыру; 
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану; 
• оқушыларды ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру; 
• оқушылардың зерттеу жұмыстарыи ұйымдастыру; 
• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау; 
• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік 
беру; 
• жалған сӛйлемеу. 
4. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл приициптің ғылыми 
ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние 
жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және 
оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бӛліктерден 
тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне кӛмектеседі. 
Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін 
қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе 
дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды. 
Шарттары: 
• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу 
материалын бӛліктерге бӛліп, оларды рет-ретімен түсіндіру; 
• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау; 
• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану; 
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді 
есте сақтауды жеңілдету; 
• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру; 
• ӛткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке 
сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру; 
• материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу; 


• оқушылардың ӛз ойларын қалай айтатынын қадағалау; 
• баланы ӛздігінен жүмыс істеуге үйрету, кӛмектесу; 
• оқушылардың білетіндерін 
айтқыза 
бермей, тек сабаққа 
қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу; 
• жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету; 
• бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, ӛмірден, әдебиеттен 
айшықты мысалдар келтіру; 
• ІІӘНДІ, бӛлімді оқып болганнан кейін міндетті түрде қорытынды-
жүйелеу сабақтарын ӛткізу; 
• оқушылардың қателерін әдеппен түзету; 
• оқушыны ӛз қатесін талдауға үйрету; 
• оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін кӛтеру 
жолдарын білу; 
• баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру; 
• жүйелі білім есте жақсы сақталады. 
5. Саналылық және белсенділік принципі. Ӛз бетімен меңгерілген 
білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, ӛз бетімен 
жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының 
танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары кӛмектеседі. 
Оқушының ӛзінің танымдық белсенділігі оқытуға аса қажет жағдай және 
оқу материалын терең жӛне берік түсінуге орасан зор ықпал етеді. 
Шарттары: 
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; 
• түсінікті етіп оқыту; 
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; 
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін 
қолдану; 
• аналогияны жиі қолдану; 
• оқушыларға әр сӛздің, сӛйлемніц, ұғымның мағынасын түсіндіру; 
• оқушылардыц білімі мен тәжірибесіне сүйену; 
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, 
себебі бала ӛз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы 
оқитын оқушыларға сабақ бергізу; 
• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру; 
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын 
жұмыстар; 
• оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты кӛретіндей 
етіп оқыту; 
• әрбір ережеге мысал келтіру; 
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың 
санын анықтап алу; 
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз; 
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту; 
• оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету; 
• әрбір ережеге мысал келтіру; 
• негізгіні түсіндіруге назар аудару; 


• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу; 
• "Неге?" деген сұрақты кӛп қойып, оқушыны дамыту; 
• дәйекті дәлелдермен оқыту; 
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; 
• оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; 
• білім – сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; 
• баланы ӛз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету; 
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, 
танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық 
тапсырмаларды жиі беру; 
• оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау; 
• зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды ӛз бетімен 
меңгерулеріне жағдай жасау; 
• дидактикалық ойын, пікірталас, ұжымдық шығармашылық істі 
қолдану. 
6. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип класси- калық 
философияның ӛмір, тәжірибе таным кӛзі деген ережесіне сүйенеді. 
Ӛмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-
әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. 
Оқытудың ӛмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы 
білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары 
мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. 
Шарттары: 
• мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи 
тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін 
түсінетіндей етіп оқыту; 
• "Білім - ӛмір" байланысы, ӛмірден алынған мысалдарды талдау. 
Ӛлкетану мәліметтерін қолдану; 
• балаларға қазіргі жаңатехнологиялар, ӛндірістік қатынастар, 
еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру; 
• оқушыларды ӛз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету, 
Қоршаған ӛмірден білім алып, оны қолдану; 
• оқушының әрбір сабақта ӛз жұмысының маңызын түсінуі. 
• мектептің ӛндіріспен байланысын қолдану. ”Оқу пәні- ӛндіріс" 
байланысына бағыт беру, бақылау; 
• оқушылармен бірге ӛмірден алынған есептер мен жаттығуларды 
орындау, оқулықтың мәліметтерін ӛмірден алынған мәліметтермен 
толықтыру; 
• аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; 
• Мәселелік - ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені 
байланыстырудың басты құралы; 
• еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-
ӛнегесі; 
• қоғамдық 
пайдалы 
және 
ӛнімді 
еңбекті 
оқушылардың 
бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыру, сұрақтар қою, кӛп 


білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру; 
• қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай 
жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудың ӛмірмен байланысын 
жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі; 
• еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу; 
• оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа 
жұмыстар беру; 
• балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып 
жұмыс істеуге баулу; 
• балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса "Жас 
ӛнертапқыштар" сайысын ӛткізу; 
• әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, ӛнер салаларынан ӛз 
бетімен білім алуға ынталандыру; 
• ақыл-ой іс-әрекетін тәжірибемен байланыстырып, білімнің 80-85% 
тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау. 
7. Кӛрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан 
принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім 
мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - 
кӛру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде 
жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау кӛрнекіліксіз мүмкін емес. 
Шарттары: 
• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар 
керек екенін естен шығармау; 
• оқытудың алтын ережесі: кӛрініп тұрғандарды кӛрсету, еститінді 
естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып кӛретінді дәмін таттыру; 
• кӛрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; 
• оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты 
фактілер, мысалдар келтіру; 
• кӛрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану; 
• кӛрнекі құралдың оқылатын зат және құбылыс туралы анық және 
дұрыс түсінік алуға кӛмектесуі; 
• оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, 
салдарын анықтату; 
• кӛрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен 
негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу; 
• кӛрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ кӛп кӛрнекілік қолданбау, 
ӛйткені балалардың, назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай 
қалады; 
• кӛрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан 
түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; 
• балалармен бірге кӛрнекілік жасау, оқушылардың ӛздері жасаған 
кӛрнекіліктердін, де әсері мол; 
• қазіргі кӛрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, 
бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды т.б. 
қолданып, техникалык құралдармен жұмыс істей білу; 
• кӛрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай- 


қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген 
қызығушылығын тәрбиелеу; 
• кӛрнекілік арқылы ӛмірмен байланыс орнату; 
• балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық кӛрнекілікті 
азайтып» символдық кӛрнекіліктерді қолдану; 
• нақты заттар мен құбылыстарды кӛрсету, мүмкіндік болмаған 
жағдайда символдық кӛрнекі құралдарды қолдану. 
Кӛрнекілік түрлері: 
Табиғи кӛрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (ӛсімдіктермен, 
жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді. 
Эксперименттік кӛрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан 
тәжірибелер жасайды. 
Суретті кӛрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін кӛрсету 
(бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер). 
Кӛлемді кӛрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, 
панорама. 
Дыбыстық 
кӛрнекіліктер: 
күйтабақтар, 
үнтаспаға 
жазылған 
материалдар, т.б. 
Символдық және графикалық кӛрнекілік: абстракты ой дамуына 
кӛмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, 
жоспар, сызба, диаграмма. 
Жанама кӛрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы 
түсінік қалыптастыру. 
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, 
суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың 
негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады. 
8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар 
бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту 
процесіндегі бір-бірімен ӛзара байланысты бӛліктер; оқу материалын 
түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс 
істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне окытуды 
ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқыта- 
тын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуга тиісті материалдарды тандайды, 
сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы 
сақталады. 
Шарттары: 
• қазіргі оқытуда естен гӛрі ақыл-ойға баса назар аударылады. 
Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға 
жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, 
ол ақыл-ойға зиян келтіреді; 
• дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нәрселердің есте қалып қоюына 
жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде 
сақтау керек; 
• әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сӛздіктерді, энцикло- 
педияларды қолдануға үйрету; 
• есте сақталу керек материалдар ӛте кӛп болмау керек, мұғалімнің 


қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы; 
• оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың 
уақыты және жиілігі ұмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес 
белгіленеді; 
• жаңа материалды оқып болған соң қайталауды кӛп жүргізу керек, 
содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды; 
• әр оқушыны ӛз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс 
істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу; 
• қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-
үйренуді бастамау; 
• оқу материалын жүйемен беру; 
• егер оқыту қарқыны тӛмендесе, онда бірден себебін анықтау. Кӛп 
кездесетін себептер: оку процесіне қызығушылықтың тӛмендеуі және 
шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру; 
• тіке тапсырмалар және нұсқауларды кӛп бермеу. Балаларды ақыл-
кеңесті тыңдауға үйрету. Ӛте қызықтысын салмақтап айтыңыз. Әзіл-сықақ 
айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жӛн; 
• ӛзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Ӛзара оқыту мұғалім 
қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады; 
• оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін 
есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте 
сақтауға кӛмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді 
қолдану; 
• баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді 
бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды; 
• қайталаужәне бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл- ойларын, 
сезімдерін жүмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, 
қорытындыларды нақтылау; 
• оқыту қисындылығын қадағалау. 
• оқушының оқу материалына деген оң кӛзқарасын қалыптастыру; 
• жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу; 
• оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру жене бағалау; 
9. Түсініктілік принципі. Бала ӛзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған 
білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің кӛлеміне қарай түсінеді. Аталған 
принципті жүзеге асыру үшін әуелі оңай, белгілі, қарапайым материалдар, 
содан кейін қиын, белгісіз, күрделі оқу материалдары оқылады. 
Шарттары: 
• оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бӛлу; 
• баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін 
ұмытпау; 
• баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып 
оқыту. Балалардың ӛмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму 
ерекшеліктерін зерттеу және ескеру; 
• балаларды оқыту арқылы дамыту; 
• мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру; 
• жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар 


оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету; 
• оқытудың қарқынын белгілеп, керек жағдайда ӛзгерту; 
• ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең 
қолдану; 
• жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын 
оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру; 
• ӛте асықпау! 
• оқушыға келген ойды танымның соңы емес, басы деп түсіну; 
• түсініктілік мұғалімнің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; 
ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап ӛмірден, әдебиеттен 
жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сӛйлемеу; 
• монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетін 
анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын ӛз бетімен 
оқуға беру; 
• оқытудың алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, 
бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру; 
• оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару; 
• оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың ӛз бетімен 
оқуына, оқу материалын талдауына кӛмектесу, бағыт беру; 
• түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан 
баланы жұмыс істеуге үйрету. 
10. Ынталандыру принципі 
Бұл принциптің маңызы ӛте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке 
басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлык әдістеріне, түрлері мен 
нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті 
сенімді, ерікті, қуанышты болады. 
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, 
әсерлі етіп ӛткізуге міндетті. 
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. 
Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес. 
2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын 
абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, ӛзінше ерекше. 
3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай 
алғы шарттары жоқ. 
4. Оқу қызметінің берілген сәтінде ӛр оқушының неге қабілетті екенін 
анықтаудың маңызы зор. 
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын 
анықтау маңызды. 
6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды. 
7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай 
кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек. 
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы 
жүзеге асыру керек. 
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде 
қуанышқа кенелту. 


10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру. 
11. Әрбір окушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін 
анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау. 
Ынталандыру принципінің шарттары: 
• жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану; 
• ділгірлік оқыту; 
• компьютерлік технологияны қолдану; 
• интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; 
• ӛзара оқыту (жұптық, топтық); 
• білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; 
• сыныпта жағымды микроклимат жасау; 
• мұғалімнің ӛз пәніне, оқушыларға оң кӛзқарасы; 
• оқушылардың оқудағы жетістіктерін кӛрсету; 
• білімнің оны ашқан адамдардың тағдырымен байланысы; 
• оқыту нысандарын және әдістерін түрлендіру. 
11. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше 
сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке 
басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына 
қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек. 
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-
жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет. 
Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. 
Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани 
игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, 
дәстүрін, кӛркемӛнерін, қолӛнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру 
керек. 
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасыныц маңызы зор. 
Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға ӛлмес 
мирас, ӛмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жӛніндегі жинақталған 
тәжірибесі. 
Әсіресе 
балаларды 
ізгілікке 
тәрбиелеуде 
халық 
педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше. 
Ізгілендіру принципінің шарттары: 
• оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін 
қолданбау; 
• оқушының ӛз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау; 
• үлгерімі нашар, жауапкершілігі тӛмен оқушыларды әдепті, бірақ 
қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; 
• баланың ӛзі туралы жақсы бағасын ӛзіне сенімін, сый-құрметін 
қалыптастыру; 
• қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою; 
• жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың 
кӛрінуіне жол бермеу; 
• баланы түсіну, жақсы кӛру, бірак талап та қою; 
• оқушының табысына шынайы түрде қуану; 
• баланың кӛңіл-күйін ескеру; 
• баланың дене кемістігін сӛз етпеу; 


• баланың ӛздігін баспау; 
• балаларды басқа балалармен салыстырмау; 
• баланың ар-намысына тиетін сӛз айтпау. 
12. Мәселелік принцип — оқу процесінің мазмұны, әдістері
ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі 
оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, 
шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - 
оқушылардың ойлау процесініц психологиясына негізделеді. Ӛйткені 
ойлаудың басталуы мәселенің болуына байланысты, баскаша айтқанда, 
ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады. 
13. Интеграциялау принципі 
Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен 
оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - 
әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды ӛзара тығыз 
диалектикалық бірлікте карастыруды кӛздейді. Сондай-ақ мазмұны 
жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, 
математика мен информатика, ӛнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б./ 
ӛзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байла- 
ныстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай 
интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рӛлі ерекше. 
Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қа- 
растырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен 
қолдануға болмайды. Мүғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан 
кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды. 
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың 
ішінде негізгілері және кӛмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен 
байланысты. Олар бағьгг беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету 
жолдарын кӛрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой 
мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен 
күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нә- 
тижелерді мӛлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп 
сеніммен айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет