9 - ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ (1 сағат) Жоспары:
1. Инвестициялық концепция және мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастырудың маңызды қағидалары.
2. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу әдістері.
3. Мемлекеттік күрделі қаржы салуды негіздеу және оның көрсеткіштері.
4. Қазақстан Республикасында инвестициялық инфроқұрылымды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
1. Инвестиция-бұл ел ішіндегі немесе шет елдегі әртүрлі салаларда, кәсіпорындарда, бағдарламаларда өндірісті дамыту мақсаты жеке шараларға пайда табу немесе соңғы нәтижеге жету мақсатына ұзақ мерзімді қаржы салу, ол интеллектік құндылықтар негізінде іске асырылады. Инвестиция түрі ретінде ақша құралдарымен акциялары және басқа да бағалы қағаздарды, қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті,құқықтары және т. б. айтуға болады.
Инвестицияны іске асыру бойынша нақты іс-әрекеттің жиынтығын инвестициялық қызмет деп атайды. Инвестициялық қызмет экономикалық дамуда маңызды рөл атқарады. Инвестициялық процессті мемлекеттік реттеу оның ел ішіндегі қалыптасу көзін белсенді етумен қатар шетелдік кәсіпкерлік капиталы кеңінен пайдалануға бағытталады.
2. Шетелдік инвестицияны пайдалану экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жеделдетіп, жоғары техникалық өндірістің қалыптасуына өз әсерін тигізеді.Сондықтан да экономикалық салаларда шетелдік капитал салушымен мемлекеттік реттеу жоғарғы міндеттерді шешеді. Қазіргі жағдайда шетелдік инвесторларды тартудың маңызды әдістерінің бірі болып, экономикалық немесе серіктестік формадағы ортақ кәсіпорынды құру саналады. Екінші түрі келісім-шартқа келгенде ортақ кәсіпорындар құру, бұның дәстүрлі түрге қарағандағы айырмашылығы берілген кәсіпорын екі жақтың да ортақ инвестициясы негізінде жаңа заңды тұлға болып қайта құрылуы. Инвестицияны тартудың берілген түрі өндірісте шетелдік серіктестіктің жаңа технологиясын пайдалану арқылы іске асады. Шетелдік капитал сапасына пайдаланудың маңызды бағыттарына қайта өңдеу мен тауарды өткізу, инфрақұрылымын дамыту да жатады. Шетел капиталын тартуда басымдылық, жеке инвестицияны тартуға бағытталуы дұрыс.
3. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өсімінің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның, жұмыскерлердің кәсіпқойлылығының артуы қамтиды. Бірақ бұл процесс мемлекетімізге инновациялық әлеуеттің болуына қарамастан нарық субъектілері тарапынан толық қолданыс таппай отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ұлтттық ресурстарды мақсатты түрде дұрыс шоғырландыру, инвестициялық ресурстарды стратегиялық мақсаттарда қолдану бәсекелі ортаны қалыптастырып, фирма қызметінің тиімділігін арттыруға, инновациялық белсенділігін жетілдіруге және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, мемлекеттің инновациялық бағыттағы тұрақты өсімін анықтай алады.
4. Қазіргі кезде экономикалық байланыстар мен қатар ақпараттар мен технологиялардың да жаһандық сипатқа ие болуы ішкі нарықтағы бәсеке мен халықаралық бәсекеге де сәйкесінше өзгерістер негіздеп отыр. Мұны төмендегі тенденциялардан байқауға болады:
Біртекті өнім ұсынып отырған жабдықтаушылар сыбайлас мекемелермен өндірістік байланыстарын нығайта отырып, шығындарын барынша азайтуға ұмтылысы;
Мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында тік интеграция жүргізе отырып, құндылықтар шынжырын жетілдіруі;
Нарықтағы бәсеке интенсивтілігінің күшеюіне байланысты өз фирмаларының мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық альянстардың артуы;
диверсификация негізінде құрылған конгломераттардың көбеюі.
Бекіту сұрақтары: 1. Инвестициялық концепция және мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастырудың қандай маңызды қағидаларын білесіз?
2. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеудің қандай әдістері білесіз?
3. Мемлекеттік күрделі қаржы салудыды түсіндіріңіз.
4. Қазақстан Республикасында инвестициялық инфроқұрылымды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.