1.Бәсекелестікті құқықтық реттеу Нарықтық экономиканың түп негізгі қағидаларының бірі – еркін бәсеке. Бәсекенің негізгі мазмұны – тұтынушы үшін күрес, оның қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру. Экономиканың бәсекелестік салалары, мұндағы нарықтар – технологиялық, экономикалық және әлеуметтік себептерге байналысты нарықтық кеңістікті ұйымдастырудың ең лайықты түрі кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілерінің еркін бәсекелі қатынастары болып табылады.
Бәсекелестік теориясының бастауы-қазіргі экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептері" атты еңбегінде баяндалады. Онда автор былай деді: бәсекелестіктің негізгі рөлі, оның әрекетін жүзеге асыру негізінде, "көрінбейтін қол" принципі жатыр. Әрбір адам тек өзімшіл мақсаттарын көздейді,барлық адамдар үшін үлкен игілікке жету үшін көрінбейтін қолымен басқарылады. Смит алғаш рет бәсекелестік артықшылықтарын екенін анықтады. Бәсекелестік жалпы қоғам мүддесін атқарып ресурстарды тиімді бөлуге және оларды пайдалануға әкеледі. А. Смит бағаны бәсекелестіктің негізгі құралы деп санай отырып, бәсекелестіктің нарықтағы сұраныс пен ұсыныспен байланысын анықтады. Оның пікірінше, тауар тапшылығы сатып алушылар арасында бәсекелестікті тудырады, бұл тауар бағасының өсуіне әкеледі, ал нарықтағы тауарлардың артық болуы сатушыларды бәсекелестікке мәжбүр етеді, бұл тауар бағасын төмендетеді. Осылайша, бәсекелестік нарықты сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі арқылы тепе-теңдіктің белгілі бір нүктесіне апаратын күш ретінде әрекет етеді, оны Смит " еңбек пен капиталды әр түрлі қолданудың пайдасы мен пайдалы емесінің жиынтығы "деп анықтайды.
Экономиканың бәсекелестік салаларының негізгі белгілері:
- көптеген дербес субъектілердің – Қазақстанда әрекет ететін заңнама аясында қарым-қатынастарын құратын тауарлар мен қызмет өндірушілерінің болуы;
- қалыптасушы сұраныс пен ұсынысты есепке алғандағы нарықтық экономика принциптерінің негізінде еркін қалыптасуы қамтамасыз етілетін тауарлар мен қызметтерге бағаларды толықтай ырықтандыру .
Бәсекелестік дегеніміз дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы.
Бәсекенің негізгі қағидаларына:
- сайысушылық;
- адалдық;
- заңдылық;
- тұтынушылардың құқықтарын сақтау жатады.
Бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, адал бәсекелестікке жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары болып табылады. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы орган болып табылады. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті экономика салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қолдануға және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамауға міндетті.
2.Жосықсыз бәсекелестік
Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Жосықсыз бәсекелестікке мынадай әрекеттер жатады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
5) көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама;
6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
7) бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру;
8) сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру;
9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
12) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.