8. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру Сатып алушы (өнім беруші) бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе мәні бірдей шарттар бойынша өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітушілік шарттар қолдануға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.
9.Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру Нарық субъектісінің тікелей өзі немесе делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе ұсыну не нарық субъектісінің өз қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының – нарықтың өзге де субъектісінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына бағытталған әрекеттері бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру болып табылады.