4. Нарық субъектісінің беделін түсіру Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, анық емес мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.
5.Көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама
6. Мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу) Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.
7. Бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру Бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың бәсекелестің сатушысымен (өнім берушісімен) шарттық қатынастар орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған әрекеттері бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.