1 хаттамасы Күні



Дата07.02.2022
өлшемі281,43 Kb.
#83384
Байланысты:
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Латын әліпбиіне көшу, Квест ойыны КІТАППЕН СЕРУЕН ҮЛГІ, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты , География 9 сынып Қазақстандық географтардың зерттеулері презентация (1), formula pika, химиялық тепе-теңдік (1)

Қашықтықтан өткен ата-аналар жиналысы
1 хаттамасы


Күні: 28.08.2020 ж
Сынып: 7 б 
Қатысқаны: 19
Қатыспағаны: 0


Тақырыбы: «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?»
Күн тәртібінде:

  1. Баяндама: «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру». 

  2. Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттерін түсіндіру 

  3. Карантин індетіне байланысты жадынамамен таныстыру, пандемиялық жағдайға байланысты жалған ақпарат таратудан сақ болу

  4. «Ағымдығы мәселелер»

Тыңдалды:
 Ата-аналар жиналысы дистанционды түрде «ZOOM» платформасы арқылы өтті.
Бірінші мәселе бойынша  сынып жетекші А.Тайкен «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында түсіндірме жасады. Ата-аналарға біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асатындығы туралы айтылды. Мектебіміз биылғы жылы «Дарын онлайн» платформасымен жұмыс жасайтынын айтып өтті. Және баяндама барысында ата-аналарға мектебімізде қашықтықтан оқыту қалай жүргізілетіні туралы айтылып, презентация көрсетілді. Оның ішінде сабақтың 01.09.20 жылы басталатындығы және әрбір сабақ 30 минуттан болатындығы, сонымен қатар сабақ сағат 08.00 басталатындығы айтылды. Баяндамадан түйгендері мен презентациядан көргендерін ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.
 Екінші мәселе «Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттерін түсіндіру» бойынша сынып жетекші таныстырып өтті, осыған байланысты арнайы дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті. Жарыссөзге барлық ата-аналар шығуға тырысты. Барлық ата-анаға ортақ мәселе интернет желісі тоқтап қалу, үзіліп кету, қосылмай ұзақ уақытты алу мәселелері. 
Үшінші мәселе «Карантин індетіне байланысты жадынамамен таныстыру, пандемиялық жағдайға байланысты жалған ақпарат таратудан сақ болу» туралы кеңестер берілді, слайдпен көрсетіліп өтті,сынып жетекші ата-аналарға баламен сөйлескенде қандай көңіл күйде тұрса да эмоциясын тежеп, сабырлы болу керектігін айтты
Төртінші мәселе Ағымдығы мәселелер (Оқушының тәртібі, қашықтықтан оқытуда оқушының таза, ұқыпты киінуін қадағалау,сабаққа қатысуы, мектеп ережелерін сақтауы ) түсіндірді. 
Шешім:
1. Әр ата-ана баласының оқу үлгерімі төмендеп кетепс үшін, қатаң қадағалау жасап, мектеппен тығыз байланыста болсын.
2. сынып жетекшісімен үнемі хабарласып, баласы туралы біліп тұру әр ата-анаға міндеттелсін.
Хатшы Ж.Жакупова
Сынып жетекші А.Байкежан


«Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 9 орта мектебі» КММ
6 «Ә» сыныбының
қашықтықтан өткен ата-аналар жиналысының фото ақпараты


Күні: 28.08.2020 ж.
Сынып: 6 ә 
Қатысқаны: 19
Қатыспағаны: 0
Түрі: «ZOOM» платформасы, онлайн



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет