Зерттеу логикасынан тәуелді нормативтік және ізденіс болжамдарын бөліп көрсетеміз.
Болжамдар әлеуметтік-экономикалық процеске әсер ету мүмкіндігінен тәуелді активті және пассивтіболып та бөлінеді. Болжамдалатын құбылыстың ықтималдық деңгейінен тәуелді болжамдар көп нұсқалы және бір нұсқалы, ақпаратты беру әдісіне байланысты нақты және аралық деп бөлінеді.
Болжамдар кеңістігіне байланысты макроэкономикалық, құрылымдық, салалық, аймақтық және т.б болып бөлінеді.
Болжау мерзіміне байланысты оперативті (1 айға дейін), қысқа мерзімді (1 жыл), орта мерзімді(1 – 5 жыл), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) деп бөлінеді.
3. Жаңа жағдайда жоспарлардың ең көп тараған түріне бағдарламаларды жатқызамыз.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды бағдарламалау өзіне барлық мемлекеттің әлеуметтік саласының және жеке аймақтардың, сонымен қатар салааралық кешендердің экономикалық бағдарламасын өңдеуді қосады. Бағдарлама – нақты құжат, оған анықталған нұсқаулық деңгей тән. Ол мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.