7 - ТАҚЫРЫП. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОНЫ ЖЕДЕЛДЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ (1 сағат) Жоспары:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік-экономикалық аспектісі мен оның негізгі бағыттары.
2. ҒТЖ жетілдіру мен тиімділігін жоғарылату бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі.
3. ҒТЖ мемлекеттің әсер етуінің әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизімдері.
4. Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму стратегиялары.
1. Иновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті материалдық өндірістік қаржылық интелектуалды ғылыми техникалық және басқа да ресурстар түрлерінің жиынтығын мемлекеттің инновациялық потенциалы деп атайды.
Ғылыми - техникалық потенциалы дегеніміз–елдің жаңа біліммен техниканы өндірудегі қабілеттілік. Елдің ғылыми техникалық жаңалықтарға бейімділігі төмендегі элементтерді қамтиды:
елдің ғылыми техникалық жұмыстарды орындаушылық ұйымдар
жоғары мамандардың ішінде ғылыми тәжірбиесі бар ма?
Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетіндер
2. Мемлекеттің инновациялық саясатының шаралары:
бәсекені ынталадыру (монополияға қарсы заңдылықтар)
қоғамды ақпараттандыру- бұл баспасөз беттеріне ғылыми нәтижелерді жариялау (ғылыми кітапхана, көрме т.с.с арқылы ғалымдарды ғылыми жетістіктермен таныстыру)
өнімдер мен қызметтерді стандарттау және сертификациялау.
Стандарттау - өнімнің қоршаған ортаға денсаулыққа қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттің нормалар мен ережелерді бекіту қызметі.
Сертификаттау- тауар нарығында халықаралық ынтымақтастыққа саудаға қатысу үшін кәсіпорындар мен мекемелерге, ұйымдарға жағдай жасау мақсатындағы қызмет.
3. Инновация дегеніміз – ғылым мен техника, технология жетістіктерін енгізу негізінде өндірілген өнімді жаңалау. Инновация – техника мен технологияның ауысуын қамтамасыз ететін экономикаға қаражат салу.
Инновация түрлері׃
4. Еліміздің экономика деверцификациялауға бағытталған индустриалды инновациялық стратегияларды іске асыра бастады. Бекітілген индустриалды инновациялық даму стратегиясына сәйкес 2015 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергияны қажет етуі 2 есеге төмендеп, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістің үлесі 10 еседен астамға өсуі мүмкін. 2003- 2015 индустриалды инновациялық даму стратегиясы бағдарламаның негізгі мақсаты- кәсіпкелік ахуалды, бәсекелестік ортаны қалыптастыру, жеке меншік саласында жоғары өндірісті құруға ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін құру. Шикізатқа бағытталудан арылуға бағыт ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу. Өндіруші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар мен қызметтерді өндіру өндірілген өнімге халықаралық сапа стандарттарын енгізу.
Бекіту сұрақтары: 1. Ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік-экономикалық аспектісі мен оның негізгі бағыттарына тоқталыңыз.
2. ҒТЖ жетілдіру мен тиімділігін жоғарылату бойынша қандай мемлекеттік шараларды білесіз?.
3. ҒТЖ мемлекеттің әсер етуінің әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизімдерін ажыратыңыз.
4. Соңғы индустриалды-инновациялық даму стратегиясы қашан қабылданды және негізгі бағыттары?