ІV-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР. Дүниежүзі тарихы. 11 сынып.
«Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлі» тақырыбына SWOT-талдау жүргізіңіз.
[4]
Өз біліміңізді және төмендегі мәтінді пайдалана отырып «Венн диаграммасында» Еуропа мен мұсылман мемлекеттеріндегі университетті сылыстырыңыз.
Ортағасырлық Еуропа университеттері
Батыс Еуропадағы алғашқы университеттер классикалық орта ғасырларда пайда болды. Осылайша, XII ғасырдың соңында – XIII ғасырдың басында Парижде, Оксфордта, Кембриджде және Еуропаның басқа да қалаларында университеттер ашылды. Сол кезде университеттер маңызды және көбінесе жалғыз ақпарат көзі болды.
Оның аса маңызды ерекшелігі әлемді тану процесінде ақылға сүйенетін шексіз сенім болды. XIV-XV ғасырларда тек логиканы ғана пайдаланған және эксперименттерді жоққа шығарған университеттер Батыс Еуропада жаратылыстану-ғылыми ойдың дамуы үшін айқын тежеуішке айналады.
Университеттік білім берудің барлық жүйесі батыс Еуропа өркениетінің қалыптасуына өте күшті әсер етті. Университеттер ғылыми Ойдағы прогреске, қоғамдық сана-сезімнің өсуіне және жеке бас бостандығының өсуіне ықпал етті. Магистрлер мен студенттер қаладан қалаға, университеттен университетке көшкен кезде, бұл тұрақты тәжірибе болды, елдер арасында мәдени алмасуды жүзеге асырды. Ұлттық жетістіктер туралы басқа еуропалық елдерде де белгілі болды.
Ислам университеттері
Мұхаммед пайғамбардың заманынан бастап білім беру ислам дәстүрінің іргелі аспектісі болып табылады. 632 ж. мұсылман қоғамында діни сарапшы класс қалыптасты.Олар өзіне студенттерді тартып, мәтіндерді, идеяларды және тәжірибелерді беру жүйесін әзірледі. VIII ғасырдың басында Омейяд халифатының Мекка, Медина, Басра, Куфа және Дамаск сияқты қалаларында қоғамдастықтың ықпалды ғалымдары болған. IX-X ғғ. "Әл-Азхар" мешіттері Каирдегі Әл-Азхар және Фесадағы әл-Каравийюн мешіттері бүкіл мұсылман әлемінен білім іздеушілерді тартатын білім беру орталықтарына айнала бастады.
Ислам университеттері жаһандық мұсылман қоғамдастығында діни ойды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Олардың ықпалы әлемнің түрлі елдерінен мұсылмандарды біріктіріп, оқыту, баспа, ұйымдастыру және уағыздау қызметі арқылы белгілі бір Зияткерлік, саяси және теологиялық бағдарламаларды ілгерілетуде.
Ерекшелігі
1.____________________
_____________________
2.___________________
____________________
|
Ұқсастықтары
1.____________________
_____________________
2.___________________
____________________
|
Ерекшелігі
1.____________________
_____________________
2.___________________ ____________________
[6]
|
Қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығына баға беру үшін, ғаламторды мысалға алып, оның жағымды және жағымсыз тұстарын көрсетіңіз.
ЖА
|
ҒЫ
|
МДЫ
|
ЖА
|
ҒЫМСЫЗ
|
|
|
|
|
|
|
|
1.
|
|
|
1.
|
|
2.
|
|
|
2.
|
|
[4]
Төменде көрсетілген суреттерді және өз біліміңізді пайдалана отырып «Жаһандық мәселелерді шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлі қандай?» Тақырыбында «ПТМС формуласын» пайдаланып жауап жазыңыз.
«ПТМС формуласы»:
Менің ойымша...[2]
Себебі мен оны былай түсіндіремін... [2]
Оны мен былай дәлелдей аламын... [2]
Осыған байланысты мен мынандай қорытынды шешімге келдім...[2]
Достарыңызбен бөлісу: |