Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
М.Ж. СҮЛЕЙМЕНОВА
УИЛЬЯМ ШЕКСПИР –
ұлы драматург
Қарағанды 2014
АЛҒЫ СӨЗ
Уильям Шекспир – ағылшын тілді жазушылардың ішінде ең ұлы. Оның пьесалары мен өлеңдер қазынасынан әрбір жаңа буын өзінің құпия мағынасын табады. Шекспир жиырма жыл бойы, 1592 бастап 1612 жылға дейін, екі монарх, Елизавета І (1558-1603) және Яков I (1603-1625) басқарған уақытта шығармашылықпен айналысты. Осы кезең ішінде Шекспир екі үлкен поэма, өзара байланысқан сонеттер циклін – әрқайсысында 10 буынды 14 жолдан тұратын ырғақты өлеңдер және 37 пьеса жазды. Уильям Шекспирді Уорвикшир графтығында Стратфорд-на-Эйвоне қалашығының махалла шіркеуінде шоқындырды. 1576 жылдан бастап отбасы ақша тапшылығын көре бастайды, қабілетті Уильямды университетке оқуға жібермегені де мүмкін сол себепті шығар.
Келесі жолы Шекспир есімі 1592 жылы еске алынады: оның жолы болғыш, Лондонда жұмыс істейді, онда оның Генрих VI туралы пьесаларын қояды. 1593-94 жж. эпидемияға байланысты Лондон театрлары жабылады да, Шекспир лирикалық поэзияға көшеді. Эпидемия аяқталған кезде Шекспир бірнеше жылға басқа театр тобына - "Лорд-камергер қызметшілеріне" қосылады. Олармен ол сахнада ойнайды және олар үшін пьесалар, көбінесе хроникалар мен комедиялар жазады, дегенмен көрнекті трагедиясы "Ромео мен Джульетта" осы кезеңге сәйкес келеді.
Одан әрі Шекспир табысты кәсіпорынның - «Глобус» театрының акционері болады, ол пьесаларға қарағанда табысты болып шығады, оның әрқайсысы үшін авторға бар болғаны 6 фунд қажет етілді. 1603 жылы Елизавета I қайтыс болады да, таққа король Яков I отырады. Оның сүйікті труппасы бірден "Король қызметшілері" деп қайта аталады және спектакльдерімен сарайға жиі шақырылды. Осы кезге қарай Шекспир байыды және туған қаласында жылжымайтын мүлік сатып ала бастады. Осы кезде ол өзінің ең ұлы, жан тербетер трагедияларын - "Гамлет", "Отелло", "Король Лир", "Макбет" және "Антоний и Клеопатра" жазды.
Өзінің трагедияларында Шекспир поэтика тілінің керемет айқындығына және тақпақ сөзді қолдануда теңдессіз еркіндікке қол жеткізді. Осы қасиеттері оның соңғы трагедиялық көңіл-күйден арылған шығармаларында одан да айқын байқалды: "Зимняя сказка" да, "Буря" да ұлы драматург шығармашылығын логикалық аяқтайтын жарасу нотасымен бітеді.
Таяу арада Шекспир өз істерінен алшақтайды. Ол өзінің қалған өмірін туған Стратфордта тыныштық пен молшылықта өткізеді, дегенмен әуелде астанада өз театрымен ұдайы байланыста болды. Шекспир қайтыс болғаннан кейін оның барлық шығармаларын Шекспир театрының актерлері жинақтап, жариялады. Жинақ Бен Джонсонның Шекспир туралы «ақын бір ғасырлық емес, бар ғасырлық» деген өлеңімен ашылады.
«Шындықпен қол жеткізілетін көп нәрсеге адамгершіліксіз жету қиын.
Ізгілікті адам батыл және ешқашан қорқынышты сезбейді.
Мен ешқашан жақсы істер жасағаныма өкінбеймін»
У. Шекспир
Уильям Шекспир (Shakespeare) 1564ж. 23 сәуірде саудагер және құрметті қала тұрғыны Джон Шекспирдің отбасында, Стратфорд он-Эйвон төңірегінде дүниеге келді.
Шекспирдің ата-бабасы бірнеше ғасырлар бойы егін егумен айналысқан. 1568-1569 жж. отбасының өркендеген жылдары болды, оның артынан жайлап кедейлене бастайды. 1580 ж. шамасында Уильямға Стратфордта өте жақсы мектепті тастап, жұмыс істеуді бастауға тура келеді. Шекспир мектепті тастағаннан кейін белгілі бір уақыт шебердің жәрдемшісі ретінде әкесіне көмектеседі деп болжайды. 1580 жылдардың екінші жартысында Шекспир Стратфордтан кетеді. «Жоғалған» немесе «күңірт жылдары» басталады, олар туралы ештеңе белгілі емес.
Шекспир (Shakespeare) Уильям (1564-1616), ағылшын драматургі, ақын; король труппасының актері болған. Мифологиялық сюжетке құрылған «Венера мен Адонис» (1593) рим тарихынан «Лукреция» (1594) поэмалары бар. «Шекспир желілері» (даусыз оның өзі жазған пьесалар) 37 драмадан тұрады. Алғашқы пьесалары өміршеңдігімен ерекшеленеді: «Асауға тұсау» (1593), «Жаз түніндегі түс» (1596), «Болымсыздан бос айғай» (1598) комедиялары бар. Адам өмірімен бағаланған махаббат пен адалдық туралы «Ромео мен Джульетта» (1595) трагедиясын жазған. Тарихи жылнамалық шығармаларында («Ричард III», 1593; «Генрих IV», 1597-98), трагедияларында («Гамлет», 1601; «Отелло», 1604; «Король Лир», 1605; «Макбет», 1606), «Рим трагедияларында» (саяси – «Юлий Цезарь», 1599; «Антоний мен Клеопатра», 1607; «Кориолан», 1607), лирикалық-философиялық «Сонеттерде» (1609 жылы жарияланған) дәуірдің адамгершілік, қоғамдық және саяси қайшылықтары көрсетіліп, олар мәңгі-бақи, мүлде жойылмайтын ретінде, жақсылық, ар-ұят, намыс сияқты адами жоғары құндылықтар бәрібір өңі айналып трагедиялық қасіретке ұшырауы әлемнің жаратылыс заңдылығы ретінде пайымдалған. Тағдыр талқысымен де және қалыптасқан жағдаймен де ерлікпен күресуге, әлемдегі әділетсіздік үшін («үзілген уақыт байланысына») жауаптылықты сезінетін, жанын пида етуге де қабілетті, сондай-ақ олардың бар болмысын билеп алған идеялар мен нәпсіге бола (өзімшілдік, мансап, махаббат) адамгершілік «заңын» аттап өтіп, өмірін қиюға да даяр тұратын есте қаларлықтай жарқын, ерік-жігері бойын кернеген және қарымы күшті тұлғаларды жасады [1, б. 14].
Қайшылықтардың оңтайлы шешімін табу жолындағы ізденістер «Қысқы ертегі» (1611), «Дауыл» (1612) романтикалық драмаларын жазуға алып келді. Шекспирдің трагедиялары – әлем әдебиетіндегі трагедияның үздік үлгілері болып табылады.
1590-жылдар аралығында Шекспир Лондонға келіп хроника жазуды бастайды. Шекспир хроникалардан – ұлттық тарихи оқиғалар туралы пьесалардан бастады, оның заңын ол Уақыт сөзімен белгіледі. Негізгі Шекспир хроникалары төрт пьесадан екі цикл құрайды (тетралогия). Біріншісі – «Генрих VI» (үш бөлім) және «Ричард III». Екіншісі – «Ричард II» (1595), «Генрих IV» (екі бөлім; 1596-1598) және «Генрих V» (1599). Бірінші тетралогияда Тағдыр мен Уақытты өзіне бағындыруға ұмтылған III Ричардтың мықты тарихи тұлғасы аласапыранның арасынан алға шығады. Тақты күшпен ұстап тұруға болады, алайда егер тақ иесі кісілік қағидаларын тәрік етіп, тарихты саяси спектакльге айналдыратын болса, тақты ұстап тұруға қауқарсыз. Екінші тетралогияның тақырыбы – ұлттық мемлекеттің қалыптасуы. «Генрих IV» хроникасы Ланкастерлер әулетінің түп атасы IV Генрихтің билікті тартып алуы туралы және болашақ мінсіз король V Генрихтің жастық шағы туралы баяндайды. Ханзада Генрих сэр Джон Фальстафтың жетекшілігімен сыраханалар мен қара жолдың бойында өмір мектебінен өтеді. Ханзада жерден, дене және материалдық дегеннің бәрінен және Уақыт сайқымазағы Фальстаф оның бойына сіңіргеннен күш-қуат алады. Фальстафтың кекесінді күлкісімен ханзаданың бақталасы Гарри Готспер бейнесінде сомдалған рыцарьлық шектеусіз еркіндігімен қоса Орта ғасыр сахнамен қош айтысады. Өзінің мінсіз монархын Шекспир халықтың әжуа-оспағы аясынан өткізу қажет деп санайды. Алайда финалда, ханзада таққа отырғанда, Фальстаф қуылады, өйткені мемлекеттік тәртіп табиғат заңы бойынша өмір сүрмейді. Шекспир қасіретінің қайнар көзі олардың қарама-қайшылығында жатыр.
Жеткілікті түрде көзге түсерліктей тұлғаға айналған Шекспир сол кезде сахнада патшалық құрған «университет даналары» тобы драматургтарының бірі, оны «сахнаны дүр сілкіндіруші» (Шекспир тегіне каламбур ойыны: Shake-speare, яғни «найза сілтегіш») және «біздің қауырсындарымызбен қоқиланатын» қарға («Генрих VI алынған басқаша аталған дәйексөз ) деп атаған Роберт Гриннің қызғанышты жаулық әрекетіне лайықталды. Алғашқы сақталған пікір осындай болды.
1592-94 жылдары оба опатының салдарынан Лондон театрлары жабылады. Еріксіз үзіліс уақытында Шекспир бірнеше пьесалар: «Ричард III» жылнамасын, «Қателер комедиясын» және «Асауға тұсауын», өзінің алғашқы трагедиясы «Тит Андроникті» (сол кездегі «қанды трагедия» стилін сақтаған) жазады, сондай-ақ алғаш рет өз атымен «Венера мен Адонис» және «Лукреция» поэмаларын жарыққа шығарады. 1594 жылы театрлар ашылғаннан кейін Шекспир оның қамқоршысы Хансдонның лауазымы бойынша осылай аталған лорд-камергер труппасының жаңа құрамына қосылады. «Университет ақыл-ойы» сахнадан кеткен болатын (ажал жетті немесе театр үшін жазуларын тоқтатты). Шекспир дәуірі басталды.
1590 жылдары (Шекспир шығармашылығының алғашқы жылдары деп саналатын кезең) Шекспир өзінің барлық негізгі хроникаларын, сондай-ақ комедияларының көпшілігін жазады. 1595-96 жылдары «Ромео мен Джульетта» трагедиясы, оның соңын іле-шала – кейіннен «ойлы» деп аталған «Венеция саудагері» - алғашқы комедиясы жазылды. 1599 жылы күзде «Глобус» театры ашылады. Кіре беріс маңдайшада: «Бүкіл әлем – театр» («Totus mundis agit histrionem») деген қанатты сөздер жазылған. Шекспир оның иеленушілерінің бірі, труппаның актері және негізгі драматургі. «Глобус» ашылған жылы ол «Юлий Цезарь» римдік трагедиясын және бір жылдан кейін өмірге келген «Гамлетке» жол ашқан, шиыршық атқан характерлерді көрсететін «Сіздерге бұл ұнай ма?» комедиясын жазды. Оның жарық көруімен «ұлы трагедиялар» кезеңі (1601-1606) басталады. «Отелло» (1604), «Король Лир» (1605), «Макбет» (1606) осы кезеңнің жемістері. Комедиялардың реңі енді салмақты бола түсті, ал «Троил мен Крессида» (1601-1602), «Жақсылықпен аяқталғанның бәрі жақсы» (1603-1603), «Шараға қарсы шара» (1604) сияқты шығармаларында тіпті ауыр ойларға жетелейді.
Шекспир дәуірінде театр техникасы – Шекспир театрына, алғашқыда кезбе комедианттар топтары керуен және қонақ үй сарайларында қоятын спектакль жүйесі күмәнсіз сәйкес келеді; осы қонақ үй сарайлары әдетте екінші қабат бойынша ашық ярус-балконмен қоршалған ғимарат болып табылады, солар бойынша оларда бөлмелер мен есіктер орналасқан. Кезбе труппа, осындай сарайға енгенде, оның қабырғаларының тік бұрышының бірінде сахна қоятын; сарайда және балконда көрермендер орналасатын. Сахна тағандалған тақтай тұғыр түрінде орнатылған, оның бір бөлігі ашық сарайға шығатын, ал екіншісі, артқысы, балкон астында қалатын. Балконнан шымылдық түсірілген.
Осылайша бірден үш алаң пайда болатын: алдыңғы – балконның алдында, артқы – балкон астында шымылдық артында және жоғарғы – сахна үстінде балконның өзі. Осы принцип XVI ғ., XVII ғасырдың басында ағылшын театрында ауыспалы түрінің негізіне салынды. Бірінші ашық стационар театрды Лондонда (дұрысырақ Лондоннан тыс, қала шегінен тыс, себебі қала шегінде театрларды орнатуға рұқсат етілмеген) 1576 ж. Бэрбеджей актерлер отбасы жабдықтады. Шекспир театры әлі көрермендер залын білмейді, тек қонақ үй сарайларының реминисценциясы ретінде көрермендер сарайын (yard) біледі. Осындай ашық, төбесі жоқ көрермендер сарайы галереямен немесе екі галереямен қоршалды. Сахна төбемен жабылды және қонақ үйдің үш ауласы болып табылды. Сахнаның алдыңғы бөлігі көрермендер сарайына үштен біріне дерлік қиындасқан – тұратын партер (осылай өзінің атауын жүзеге асырған «par terre» - жерде).
Партерді толтырған халықтың демократиялық бөлігі сахнаның тақтай төсемінде қалың шеңбермен қоршаған. Халықтың анағұрлым биік дәрежелі, ақ сүйек бөлігі, - орындықтарда жатып, - сахна алаңының өзінде оның жиектері бойымен орналасатын. Осы кездегі театр тарихы, кейде осы екі топтағы көрермендердің төбелесіне айналатын ұдайы жауластық пен ұрыс-керісті атайды. Кәсіптік және жұмысшы партерінің ақсүйектерге таптық жауластығы мұнда айтарлықтай шуылмен байқалды. Жалпы, біздің көрермендер залы білетін тыныштық Шекспир театрында болған жоқ. Сахнаның артқы бөлігі жылжымалы шымылдықпен бөлінді. Онда әдетте сырласу сахналары (мысалы, Дездомонаның ұйықтау бөлмесі) орындалатын, әрекетті басқа жерге бірден жылдам ауыстыру және әрекет ететін тұлғаны жаңа орында көрсету керек болғанда сонда ойнады (мысалы, Марлоның «Темірлан» драмасында ремарка бар: «шымылдық тартылған, Зенократа төсекте жатыр, оның жанында отырған Темірлан» немесе Шекспирдің «Қысқа ертегісінде»: «Полина шымылдықты жұлқиды да, мүсін түрінде тұрған Гермионға ашады»).
Алдыңғы алаң басты сахна болды, оларды сол кезде театрдағы ең сүйікті шеру үшін, сол кездегі төтенше белгілі сайысты (Гамлеттің соңғы актісінде сахна) көрсету үшін пайдаланды. Мұнда негізгі пьеса сахналары арасында халықтың көңілін аулайтын клоундар, жонглерлер, акробаттар ойын көрсетті (Шекспир театрында үзіліс болмаған). Ақырында Шекспир драмаларын тым кеш әдебиеттік өңдеу кезінде осы күлдіргі ойындар мен интермедиялардың және мазақы ілікпе сөздердің бір бөлігі баспа мәтініне енгізілді. Әрбір спектакль міндетті «жигамен» аяқталатын – клоун орындайтын бимен өлеңнің ерекше түрімен аяқталатын; Шекспир кезеңдерінде «Гамлетте» көр қазушылар сахнасы күлдіргі ойындар болды, оны көтеріңкі сарынмен кейін толтырды.
Шекспирдің өлеңдері мен поэмалары, әрине оның данышпан драмаларымен салыстыруға келмейді. Бірақ оларда өз бетінше алынған айрықша талант белгісі болады, Шекспир-драматургты даңққа бөлемегенде олар авторға толықтай зор атақ берген болар еді және шындынғында берді: біз ғалым Мирестің ақын Шекспирден екінші Овидияны көргенін білеміз. Бірақ, сонымен қатар, «жаңа Катулла»туралы зор мақтанышпен айтатын басқа замандастардың пікірлерінің бір қатары бар. «Венера мен Адонис» поэмасы, Шекспир драматург ретінде белгілі болған кезде 1593 жылы басып шығарылды, бірақ автордың өзі оны өзінің әдебиеттегі тұңғышы деп атайды, сондықтан да ол немесе ойдан шығарылған немесе бір бөлігі Стретфордта жазылған болуы мүмкін. Шекспир поэманы атақты қамқоршы назарына лайықты жанр және жоғары өнер шығармасы деп санады (жалпы қол жетерлік театр үшін пьесалардан айырмасы). Отанның жаңғырығы өзінен айқын хабар береді. Ландшафта жергілікті орташа ағылшын колориті жанды сезіледі, онда сюжет бойынша талап етілгендей ешқандай оңтүстік белгісі жоқ, ақынның рухани көзқарасы алдында, күмәнсіз, өзінің жылы аясы мен байыпты әдемілігі бар Уорикшираның бейбіт даласының туған картиналары болды. Сонымен қатар поэмада керемет атбегі және үздік аңшы байқалады. Сюжет айтарлықтай дәрежеде Овидия «Метаморфозаларынан» алынған; сонымен қатар Лодждың «Scillaes Metamorphosis» көп алынған.
Поэма Ренессанстың барынша ожарлығымен, бірақ дегенмен ешбір жеңілтектіксіз әзірленген. Жас автордың таланты, поэма үнді және көркем өлеңдермен жазылғанынан басқа, ең бастысы, осыдан-ақ көрінді. Егер Венераның Адонистің құмарлығын арттыру талпынысы кейінгі оқырманды өзінің ашықтығымен, сонымен қатар оларға қандай да бір ұятсыз және лайықсыз көркемдік сипаттау әсерін қалдырмайтыны таң қалдырады. Біздің алдымызда шынайы, долы, ақыл-естен адастыратын, сондықтан бәрі сияқты жарқын және күшті поэтикалық заңды құмарлық.
Келесі жылы (1594) шыққан және сол граф Саутгемптонға арналған екінші поэмасы – «Лукреция» анағұрлым маневрлірек. Жаңа поэмада ауыздықсыз ештеме жоқ болуымен қатар, керісінше бәрі антикалық аңыздағыдай әйелдің ары туралы толық шартты ұғымның ең таңдаулы түсінігінен айналып шықпайды. (Секст) Тарквинийден қорлық көрген Лукреция өзінің зайыптылық арын тонатқаннан кейін өмір сүру мүмкін емес деп санайды және одан ары монологтарда өзінің сезімін білдіреді. Жарқын, бірақ жеткілікті дәрежеде жасанды метафоралар, аллегориялар мен антитездер осы монологтарды шынайы сезімдерден арылтады және бүкіл поэмаға риторикалық береді. Алайда өлеңдер жазу кезінде осындай қоқырайғандық халыққа өте ұнайды және «Лукреция» «Венера мен Адонис» сияқты табысқа жетті. Сол кездері әдеби табыстардан жалғыз өздері пайда көрген кітап саудагерлері, авторлар үшін әдеби меншіктің болмауына қарай басылым артынан басылым шығарды. Шекспирдің көзі тірісінде «Венера мен Адонис» 7 басылымнан өтті, «Лукреция» – 5. Шекспирге тағы екі нашар манерлі өлең шығармасы тиесіленді, оның бірі «Ғашықтың шағымы» (Lover’s Complaint,, мүмкін Шекспир жасөспірім кезінде жазған болар, ал екіншісі - «Күшті пилигрим» ("Passionate Pilgrim) ешбір жағдайда оған тиесілі емес. Өлеңі 1599 жылы, Шекспир атақты болған кезде жарияланды [2, б. 205].
Шекспирдің комедиясы сатиралық емес еді, ол жанрдың одан кейінгі дамуының бәрінен осынысымен ерекше болды. Оның күлкісі өмірдің толысуын, оның қуатын, сұлулығын, құбылмалығын сезінуден бастау алады. Шекспир комедияларының өзінің ұлы тақырыбы бар ол – Жаратылыс. Өмір қызығын меңгерген болып көрінетін емес, шынайы нақты болмысымен берілген оның өзінің сүйікті кейіпкері – сайқымазақ бар. Шекспирдің барлық алғашқы комедияларын олардың бастапқыларының бірі – «Қателер комедиясының» атымен айқындауға болады. Алайда, оларда комедияның қайнар көзі мен дәстүрлері өзгеріп отырады. Егер «Қателер комедиясының» негізі антикалық, Рим комедиялары болса, ал «Асауға тұсау» (1594) комедиясы Шекспир күлкісінің халық карнавалымен байланысын көрсетеді.
Істің мәні оның мықты, ұсақ-түйекке бой алдырмаған мінезінде болмаса, асау әйелге тұсау салу соншалықты қиын да емес екен, тексере келгенде тұсау салушысы әлі табылмаған көптеген басқа әйел кейіпкерлерге қарағанда асаулығы әлде қайда аз болып шығады. Күйеу Бьянкилер ше? Оларды Катаринаның қасында елестету мүмкін емес. Петруччо бой көрсетіп еді, барлығы өз орнына келе қалды. Бұл комедияда барлығы карнавалдық аста-төктікпен берілген: әйелдің алғашқы беттегі асаулығы да, оны түзетудің амал ретіндегі күйеуінің билеп-төстеуі де, ақырында шымылдық жабылардағы сөздің мәні де. Карнавалдық тұрғысынан қарастырылмаса, кейіпкер әйелді қайта түзетуді де, оның басқа әйелдерге сабақ ретінде айтылған ақыл сөздерін де қабылдау мүмкін емес.
«Жаз түніндегі түс» (1595-96) комедиясы ғашықтық сезімнің қызбалығы туралы, табиғат ғажайыптарымен расталатын, Оберон, Титания, періштелер билігін жүргізетін орманның сиқырлы әлемімен тап осы арада шындыққа айналатын, оның өмірде орын алатын құқығы туралы баяндайды. «Жаз түніндегі түс» - Шекспирдің аса мөлдір, музыкалы, нәзік комедияларының бірі. Ол шабытты шақтың бір демінде жеңіл түрде туындаған сияқты болып көрінеді. Осылай болуы да мүмкін. Онда Шекспирдің тағы да бір басқа қабілеті – алуан түрлі сюжеттік материалдардың басын бір жерде тоғыстырып оның негізінде мүлде жаңа туынды жасау қабілеті таң қалдырады.
Түзетуге болатын қателіктер, түсінбеушіліктер, тап басып тани алмау бастапқы комедияларындағы қайшылықтарға негіз болады. Алайда жеңіл атүсті оқиғаларға Шекспирдің көзқарасы бірте-бірте өзгереді. Жаңа жүзжылдық кезеңі мен оның басында туындаған кейінгі комедияларында (оларды ойлы, драмалық, проблемалы деп атайды) жинақталған өзгерістер көзге ұрып тұрады. Олардың бірінің атын әдеттегідей ойнақыландырып («Жақсылықпен аяқталғанның бәрі жақсы», 1602-1603), енді Шекспирде жақсылықпен аяқталатынның бәрі жақсы емес дейтін болды. Комедия жанры діттейтін бақытты аяқталу енді үйлесімділіктің қалпына келтірілгенін дәлелдей алмайды, өйткені үйлесімді дүние тәртібінің бұзылуы кездейсоқ болмай шықты. Қайшылық характерлер мен мән-жайларға өтті. Үйлесімсіздік оларда кейіпкерлер өмір кешетін әлемнің ажырамас сипатына айналды.
1593-1600 жылдарды сонеттердің өмірге келген барынша мүмкін уақыты деуге болады. 1609 жылы күні бүгінге дейін Шекспир жұмбақтарының бірі болып қалып отырған арнауы бар көзі тірісіндегі жалғыз басылым жарық көрді. Ол құпия W.H.-ге арналған: сонеттерінің көпшілігі (154-тің ішінен 1-126-сы арналған) оған арналған «тамаша жігіт», дос осы емес пе екен?
Шекспир жинағында алғашқы он жеті сонеттің барынша айқын тақырыптық циклы бар. Олардың тақырыбы біреу ғана: тамаша жас азаматқа өз ұрпағын жалғастыру, жер бетіндегі өмірдің және бұл дүниедегі сұлулықтың соншалықты жылдам өте шығатынын ұмытпау тілегі. Бұл ақынның досына деген шынайы таңданысы мен адал сүйіспеншілікке толы жеке қатынасы туындағанға дейін тапсырыс бойынша да жазылуы мүмкін кітапқа өзіндік кіріспе іспетті. Ақын әлде оның табынуға шақ қалған сезімі үшін, әлде сонеттердің жас ақсүйекке (граф Саутгемптон немесе граф Пембрук?) арналды деген нұсқаны қабылдағанда, әлеуметтік айырмашылық талаптары үшін қажетті болуы мүмкін ара қашықтықты берік ұстанған. Сүйіспеншілік поэзияға шабыт береді, ал одан мәңгілік ғұмыр алады. 15, 18, 19, 55, 60, 63, 81, 101 – сонеттерде Уақытты жеңуге қабілетті поэзияның қуаты туралы айтылады.
Ақын сүйіспеншілігі досының жақын тартудағы тұрақсыздығы еңсесін езген сезімімен қатар өріледі. Бұның ақынның өзімшілдігіне де қатысы бар. Бақталас ақын пайда болады (76, 78, 79, 80, 82-86- сонеттер). Жинақтың екінші бөлімі (127-154) Қараторы әйелге арналған. Сұлулықтың өзгерген тұрпат нысаны Ф. Петрарканың аспандағы махаббатына жол тартатын дәстүрге қайшы естіледі, оның періштедей ақ шашты доннасына қарсы қойылған. Шекспир петраркизм қалыбын жоққа шығарған оның «сүйкімдісінің жер басып жүргенін» (С. Маршактың аудармасы; 130-сонет) баса көрсетеді. Шекспирде махаббаттың аспаннан жерге түскен өз құндылығында берік екендігі дәріптелсе де (116-сонет), ол әлемнің барлық үйлесімсіздігіне, оны өзіне қабылдауға дайын оның қайғы-мұңына ашық (66-сонет) [3, б. 74].
Шекспирдің бірінші шынайы қаламынан туындаған «Ромео мен Джульетта» трагедиясы комедиялар мен сонеттердің ортасында дүниеге келді. Ол өзінің тілдік табиғаты бойынша сонеттік болып табылады, өйткені оның басты кейіпкері Ромео айтып қана қоймай осы шартты түрдегі дәстүр ішінде ғашық та болады. Джульеттаға махаббатының жолында ол өзін де танып, дүние әлемімен бетпе-бет келеді. Сонымен қатар трагедияға енгізілген сонет сөздері Шекспирге дейінгі шешендік сөзді ой мен сезім тереңдігіне алмастыруға жол ашып, осы жанрға адамды бейнелеуде жаңа лирикалық мүмкіндіктер берді. Бұл болмағанда бес жыл өткенде «Гамлеттің» болуы мүмкін емес еді.
Гамлеттің бұрын соңды болмаған жаңашылдығы мен артықшылығы іс-қимыл жасау қажеттілігі туралы ой жүгірткенде ол оның салдарларын салмақтап, адамгершілік жауапкершілік деп айтуға болатынды да алдын ала пайымдайды. Әкесінің айтуымен ғана емес, «кек қайтару трагедиясының» барлық әдеттегі қисынымен де кек алуға құлшынған Гамлет оның жалғыз соққысы әлемдік үйлесімділікте әлде нені қалпына келтіруге қабілетті екеніне, оның жалғыз өзінің «аядан шығып кеткен ғасырды» түзетуі мүмкін дегенге сенбейді. Іс-қимыл барысында ширатыла түскен Гамлеттің жалғызсырауы апатты [4, б. 103].
Кейіпкердің тарихи Уақытпен үйлесімінің бұзылуы Шекспир пьесаларында бұдан әрі де қасіретті арнада ұлғая түседі. Шынын айтқанда, «Гамлетті» іле-шала жазылған «ұлы трагедияларда» әлемге етене енуге ұмтылған эпикалық біртұтас және тамаша кейіпкердің ақтық ұмтылысы жасалған: махаббатпен – Отелло, күшпен – Макбет, жақсылықпен – Лир. Бұның жолы болмады: Уақыт есігі олар үшін тарс жабылған. Оның үстіне Уақыттың қирату күшіне қарсы тұрарлықтай олардың ішкі қауқар-қуаты да жоқ. Адам қаншалықты ұлы болса оның құлауы да соншалықты қауіпті. «Макбеттегі» перілердің қарғысында – «Жамандықтың өзі жақсылық, жақсылықтың өзі жамандық» (Б. Пастернактың аудармасы) сөздері қасіретті ұран болып естіледі.
Ұтымды архитектоникасын көбінесе 16 ғ. театр техникасының ерекшеліктері де – шымылдықсыз ашық сахна, реквизит минимумы, сахнаны безендірудің соңғы шарттылығы байланыстырды. Бұл актерге және оның сахналық шеберлігіне назар аударуға мәжбүр етті. Шекспир пьесаларындағы әрбір роль (көбінесе – нақты актерге жазылған) психологиялық түрде көлемді және оны сахналық түсіндірудің зор мүмкіндіктері береді; сөздің лексикалық құрылымы пьесадан пьесаға және кейіпкерден кейіпкерге ғана өзгеріп қоймайды, сондай-ақ ішкі дүниесінің дамуына және сахна жағдайларына байланысты өзгертіледі. (Гамлет, Отелло, Ричард III және т.б.). Аты әлемге әйгілі актерлердің көпшілігі Шекспир репертуарының рольдерінде жарқырауы тегін емес. Жалпы Шекспирдің драматургиялық шығармаларының тілі өте бай: филологтар мен әдебиеттанушылардың зерттеулері бойынша оның сөздігінде 15000 сөз есептелген. Кейіпкерлердің сөзі барлық мүмкін троптармен - метафоралармен, аллегориялармен, перифразалармен және т.б. молаяды.
Драматург өз пьесаларында 16 ғ. лирикалық поэзияның көптеген түрлерін – сонетті, канцонаны, альбаны, эпиталаманы және т.б. пайдаланды. Көбінесе өзінің пьесаларын жазған тақпақ сөз оралымдылығымен және табиғилығымен ерекшеленеді. Бұл аудармашылар үшін Шекспир шығармашылығының зор тартымдылығымен байланысты болды. Жеке алғанда, Ресейде Шекспир пьесаларының аудармаларына Н. Карамзиннен, Б.Н. Пастернактан бастап А.Радловқа, В.Набоковқа, М. Донскойға және т.б. дейін көркемдік мәтін шеберлерінің көпшілігі жүгінді. Ренессанстың сахналық құралдарының минимализмі Шекспир драматургиясына 20 ғ. басымен даталанатын әлемдік театр - режиссерлік, жеке актерлік жұмыстарға емес, спектакльдің жалпы дамуының концептуалдық шешіміне бағдарлаған театр дамуының жаңа кезеңіне негіздік қосылуына мүмкіндік берді. Шекспирдің көптеген барлық қойылымдарын – толық тұрмыстық пайымдаудан бастап соңғы шартты-символдыққа дейін; фарстық-комедиялықтан бастап элегиялық-философиялық немесе мистериялық-трагедиялыққа дейін атап шығу мүмкін емес. Шекспир пьесалары әлі күнге дейін практикалық түрде кез келген деңгейдегі – эстеттеуші интеллектуалдардан бастап талғамы жоқ көрермендер аудиториясына дейін көрермендерге бағдарланғаны таң қаларлық. Бұған, күрделі философиялық проблематикамен қатар шытырман оқиғалар да, патетикалық сахналарды комедиялықпен араластыратын түрлі сахна эпизодтарының калейдоскопы, негізгі әрекетке жекпе-жектерді, музыкалық номерлерді және т.б. енгізу ықпал етеді. Шекспирдің драматургиялық шығармалары музыкалық театрдың көптеген спектакльдерінің (Отелло, Фальстаф опералары (Виндзор мысқылшылдарына) және Д. Верди Макбетінің; С. Прокофьевтің Ромео мен Джульетта балеті және т.б.) негізі болды.
Шекспирдің мына соңғы пьесалары трагедияларға соңғы сөз ретінде жазылған: «Цимбелин», «Қысқы ертегі», «Дауыл». Бастапқыда олар комедияға жатқызылған болатын. Қазір оларды «романтикалық драма» (romances) деп атау қабылданған. Трагедиялық сюжеттердің оқиғаларын қайталай отырып, олар жақсылыққа деген утопиялық үмітті қайтарғандай болып қуанышпен аяқталады.
Қайта өрлеу дәуірінің асыл идеясы лайықты жеке тұлға туралы ой болатын. Уақыт осы идеяны қасіретті сынға салды, Шекспирдің шығармашылығы осының куәсі болды. Соңына қарай онда дауыл дәйек ойы ұлғая түседі, өйткені тап дауылдағыдай бәрі шыр айналып, матасып, жоқ болды. Ұлылық пен пенделік оп-оңай орын ауыстыратын болды. Адам өзін өзі құтқару жолында король Лир сияқты кері айналып жаратылысқа қашты, лыпасы жоқ тыр жалаңаш өз рухында бұрын белгісіз болған ішкі болмысының қатпарларын, өзінің бір мезгілде Тәңірлік әрі тағылық қатыгез табиғатын ашу үшін үстіндегі киімін сыпырып тастайды. «Уақыт өз жолынан тайып кетті», бұрынғы тұтастықтың күл-талқаны шықты, өзінің батырлығымен емес, алайда Шекспир драматургиясында алғаш рет және мәңгі-бақи сақталған бұған дейін ешқашан болып көрмеген сан алуандығымен таң қалдырған көптеген тұлғалар алмасып жатты.
1603 жылы жаңа король лорд-камергер актерлерінің труппасын өзінің аса мәртебелі қамқорлығына алған патентке қол қояды. Бұдан былай олар «аса жоғары мәртебелі корольдің қызметшілері» аталатын болды. 1606 жылдан кейін 1613 жылы оның туған Стратфордына көшіп кетуімен аяқталатын Шекспир шығармашылығының соңғы кезеңі басталады. Осы уақытта ежелгі антикалық сюжеттерге құрылған трагедиялары өмірге келеді («Антоний мен Клеопатра», «Кориолан», «Тимон Афинский», 1607-08). Оның ізінше кейінгі «романтикалық» пьесалары жарық көрді, олардың қатарында «Қысқы ертегі» және «Дауыл» (1610-12) бар.
Драматургтің соншалықты сәтті мансабының кенеттен үзілуінің және астанадан кетуінің себебі, тегінде, сырқатқа шалдығумен байланысты болған сияқты. 1616 жылы наурызда Шекспир, кейіннен оның жеке басы мен авторлығына байланысты көптеген күмандарға жол ашқан және «Шекспир мәселесі» деп аталуына себеп болған өсиет жазып оған қол қояды. Шекспир өзінің туған күні – 23 сәуірде қайтыс болды деп саналады. Екі күн өткен соң Стратфордтың шетіндегі Қасиетті Үштік шіркеуінің михрабында жерленген, тіркеу кітабында осы туралы жазба бар.
Шекспирдің биографтары үшін оның өсиеті күйзеліс пен күдіктің көзіне айналды. Онда үйлер мен мүліктер туралы, достарына ескерткішке арналған сақиналар туралы айтылған, кітаптар туралы, қолжазбалар туралы бір ауыз сөз жоқ. Өмірден озған ұлы жазушы емес кәдімгі көптің бірі сияқты. Өсиет «шекспир мәселесі» дегенді көтеруге бірінші себеп болды: Стратфордтан шыққан Уильям Шекспир оның атымен жазылғанын біз білетін шығармалардың авторы болған ба?
Міне, жүз жыл бойы теріс жауап беретіндер қатары да аз емес: болған жоқ, болуы мүмкін емес, өйткені білімі жоқ, саяхатқа шықпаған, университетте оқымаған. Стратфордтықтар (дәстүрлі нұсқаның жақтастары) жене стратфордтықтарға қарсылар көптеген ақылға қонымды дәлелдер келтірді. «Шекспирге» лайықты жиырмадан астам кандидаттар ұсынылды. Барынша танымал үміткерлердің арасында философ Фрэнсис Бэкон және драма өнерін түрлендіру ісіндегі Шекспирдің ізашары, «университет ақыл-ойының» ішіндегі аса ұлысы Кристофер Марло бар. Алайда негізінен атақты тұлғалардың арасынан іздестірілді: графтар Дерби, Оксфорд, Рэтленд аталды, соңғысының құқығына Ресей де қолдау білдірді. Оның өзіне ғана тән білім, қоғам мен сарай маңындағы жағдайы ғана емес, пьесаларда бар өмірді кеңінен шолуға жол ашатын саяхаттау мүмкіндігіне де сүйенді. Сол кездегі көзқарас бойынша драматург кәсібі ар-намысына дақ салуы мүмкін болғандықтан олардың өздерінің шын аттарын жасыруға себептері де болуы мүмкін еді.
Алайда, басты дәлел Шекспирдің пайдасына шешіліп тұр: көзінің тірі кезінде оның аты-жөні ондаған жеке пьесалық басылымдарда, поэмаларда, сонеттер жинағында жарияланды. Шекспир туралы осы шығармалардың авторы ретінде айтылды (аты аталған сайын әрдайым тағы да басқа туралы емес Стратфордтың тумасы туралы әңгіме болып отырғандығы туралы нақтылау қажетпе еді?). Шекспир қайтыс болғаннан кейін іле-шала оның екі актер досы шығармаларын жариялады, ал олардың ішінде Шекспирдің ұлы замандастарының бірі, оның досы Бен Джонсон бар төрт ақын оның даңқын жырға қосты. Бірден ешқандай жоққа шығару және айыптаулар болған жоқ. Замандастары мен ұрпақтардың ешқайсысы 18 ғасырдың аяғына дейін Шекспирдің авторлығына күман келтірген емес. Ондаған адамдарға белгілі болуы тиіс құпияны соншалықты қатаң сақталды дегенге сенуге бола ма?
Ал енді келесі буынның драматургі, театр жұмыстары мен өсек-аяңнан жақсы хабары бар Уильям Давенанттың, оның айтуы бойынша сонеттердегі «Қараторы әйел» оның анасы, ал оның өзі Стратфорда-он-Эйвоннан шыққан Шекспирдің туған ұлымын деген өзі ойлап тапқан аңызды қалай түсіндіруге болады? Осында мақтанарлықтай не бар?
Әрине, әлбетте Шекспирдің құпиясы бар, алайда бұл өмірбаяндық жұмбақ емес, ол романтик-ақын Джон Китс Шекспирдің «келеңсіз қабілеті» деп атағандармен ілесе жүретін оның ақындық түйсікпен бәрін көре білу және өзінің бар екендігін бүркей білген данышпанның құпиясы. Шекспирдің құпиясы жеке тұлғаның алғаш рет атаусыз болмысты жарып шыққан жеке адам мен уақыт еншісіндегі бірегей құпия, ал ғасырлардан оза жаңа дәуірдің портреттік галереясын жасаған ұлы драматург бір ғана бет-бейнені – өзінің тұлғасын ғана жасырып қалған.
Шекспир ұлттық мәдениет пен ағылшын тілінің қалыптасу үдерісін аяқтайды; оның шығармашылығы еуропалық Қайта өрлеу дәуірінің қасіретті қорытындысын шығарады. Кейінгі буынның жадында Жаңа уақыттың бастауында оның адами тұрпаттары мен өмірдегі оқиғалар галереясын жасаған бәрін қамтыған алып данышпан ретінде Шекспирдің бейнесі қалыптасты. Шекспирдің пьесалары күні бүгінге дейін әлемдік театр репертуарының негізін құрайды. Олардың көпшілігі әлденеше рет кино мен теледидар үшін экранға шығарылды.
Әдебиеттер тізімі
1. Галилов И.М. Игра об У. Шекспире, или Тай на Великого Феникса. - М.: ЛИНГВА-М, 1997. - 364 с.
2. Верцман И. Рафаэль и Шекспир // Шекспировские чтения / Под ред. А. Аникста. - М.: Наука, 1981. - 234 с.
3. Выготский Л. С. Психология искусства Шекспира.- М.: Лабиринт, 1997. – 413с.
4. Иванова С. О деятельностном подходе в изучении трагедии Шекспира «Гамлет» // Шекспировские чтения / Под ред. А. Аникста. - М.: Наука, 2001. - 234 с.
Достарыңызбен бөлісу: |