1-т. Ақпаратпен танысып, жинақы мәтін құрастыр



Дата18.02.2022
өлшемі13,69 Kb.
#132433
Байланысты:
Қазақтың тұңғыш журналист қыздары Бойчук Ангелина


Бойчук Ангелина
1-т. Ақпаратпен танысып, жинақы мәтін құрастыр.
Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (1887-1934) – педагог-ағартушы, журналист-аудармашы, этнограф, Орыс Географиялық қоғамының мүшесі. 1887 ж. Торғай қаласында дүниеге келген.Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған орыс-қазақ мектебінде оқыды. 1902 жылы Қостанай әйелдер гимназиясын бітірген. 1902 ж. Нәзипа Шұбар болысы мектебінің мұғалімі Нұрғали Құлжановпен танысып, кейіннен оған тұрмысқа шығады. 1905 жылы олар Семей қаласына көшеді. 1913 ж. Нәзипа Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің «Гражданские спутники» тобының мүшесі болады. Семей Географиялық қоғамының мүшесі ретінде маңызы зор әдеби-музыкалық және этнографиялық кештер ұйымдастырады. Нәзипа Құлжанова ұйымдастырған екінші ірі іс-шара – 1915 ж. 13 ақпанда өткізілген әдеби-музыкалық қайырымдылық кеші еді.1917 жылы Нәзипа Семей облысы қазақтарының съезіне қатысып, Съезд басқармасы қатарына кіреді. 1920 жылы Нәзипа Құлжанова Қазақ автономиялық республикасының Ағарту комиссариаты комиссиясының оқулықтар, кітаптар әзірлеу, баспа ісі жөніндегі құрылымына кіреді. 1922 ж. Нәзипа «Еңбекші қазақ» газетінің редакциялық коллегиясының мүшесі болады. Ол 1923-1925 жж. «Қызыл Қазақстан» («Красный Казахстан»), «Равенство женщин» журналдарында қызмет атқарып, «Айқап», «Қазақ», «Знамя единства», «Алаш» газеттеріне мақалаларын жариялады. Ол орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударады. Соның ішінде, ол В. Г. Короленко мен Б. А. Лавреневтің кітаптарын қазақ тіліне. Ол Шығыс әйелдерінің Бірінші съезін ұйымдастыруға қатысты. Н. Құлжанова 1934 жасында қырық алты жасында қайтыс болды.
2-тапсырма. Мәтін бойынша 7-8 сұрақ құрастыр

1 Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы кім ?
2 Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы қайда дүниеге келді?
3 Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы қайда оқыды?
4 Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы қайда жұмыс істеді?
5 Құлжанованың Нәзипа Сегізбайқызы күйеуі кім?
6 Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы қандай топ мүшесі болады?
7 Құлжанованың Нәзипа Сегізбайқызы қандай жетістіктерін білесіз?
8 Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы қашан қайтыс болды?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет